Қонаев қаласында «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында қала әкімінің орынбасары Марат Файзұллаұлы Тұрсыновтың қатысуымен қалалық мектеп директорларына арналған семинар өткізілді.
Семинардың негізгі мақсаты – білім беру ұйымдарында кітап оқу мәдениетін қалыптастыру, оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, оқу сауаттылығын дамыту және өскелең ұрпақ арасында кітап оқуды насихаттау. Сонымен қатар, мектеп кітапханаларының жұмысын жандандыру, оқушылардың зияткерлік әлеуетін арттыру және білім беру саласында оқуға құштар ұрпақ тәрбиелеудің тиімді жолдарын талқылау көзделді. #кітапоқитынұлт

