Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті (ҚазҰУ) Қазақстандағы білім мен ғылымның көшбасшысы ғана емес, сонымен қатар тұрақты даму идеяларын насихаттап, оны жүзеге асыруды орындап жатқан маңызды орталық. Университеттің стратегиялық мақсаты – тек білім беру мен ғылыми зерттеулермен шектелмей, қоғамның әлеуметтік және экологиялық мәселелерін шешуде белсенді үлес қосу.
ҚазҰУ тұрақты даму саласында инновациялық жобаларды іске асырып келеді. Университетте ЮНЕСКО-ның тұрақты даму бойынша кафедрасы жұмыс істейді. Бұл кафедра экологиялық мәселелерді шешуге бағытталған зерттеулер жүргізеді және студенттерді осы салада білім алуға ынталандырады. Университеттің экологиялық бастамаларының бірі – жасыл кампус концепциясы. Бұл бағдарлама университет аумағында экологиялық таза технологияларды енгізуге, энергия мен суды үнемдеуге және қалдықтарды дұрыс басқаруға негізделген.
ҚазҰУ ғалымдары су ресурстарын тиімді басқару, баламалы энергия көздерін дамыту және климаттық өзгерістерге бейімделу сияқты мәселелерді зерттеуге көп көңіл бөледі. Сонымен қатар, университет Қазақстанның әртүрлі аймақтарында тұрақты ауыл шаруашылығын дамытуға бағытталған ғылыми жобаларды қолдайды.
Әлеуметтік жауапкершілік шеңберінде ҚазҰУ жастарды волонтерлікке тартып, ауылдық елді мекендерде әлеуметтік жобаларды жүзеге асырады. Бұл жобалар денсаулық сақтау, білім беру және халықтың экологиялық сауаттылығын арттыру мәселелерін қамтиды.
ҚазҰУ-дың тұрақты даму тұрақты даму жобалары елдің стратегиялық мақсаттарымен тығыз байланысты. Университет тек ғылыми ортаға емес, жалпы қоғамға пайда әкелетін бастамаларымен ерекшеленеді. Университет студенттері мен түлектері көптеген әлеуметтік және экологиялық акцияларға белсене қатысып, қоғамда оң өзгерістер енгізуге үлес қосады.
ҚазҰУ-дың бұл бағыттағы жетістіктері оның халықаралық деңгейде мойындалуына да ықпал етеді. Университеттің тұрақты даму үлгісі тек Қазақстанға ғана емес, басқа елдерге де үлгі бола алады.
ҚазҰУ-дың тұрақты даму саласындағы жетістіктері оның Қазақстан қоғамы үшін қаншалықты маңызды екенін көрсетеді. Университет ғылыми зерттеулер мен білім берудің арқасында тек ұлттық емес, халықаралық деңгейдегі мәселелерді шешуге атсалысып, болашақ ұрпаққа тұрақты даму құндылықтарын насихаттайды.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың заң факультетінде Тұрақты дамудың бүкіл 17 мақсатын қамтитын, маңызды көптеген іс-шаралар жүзеге асырылуда. Оқу жылының басынан бері әртүрлі тақырыптарда көшбасшылық дәрістер өткізілді. Арнайы шақырылған мамандар студент жастарға ауқымды және әділетті сапалы білім беруді қамтамасыз ету, гендерлікті теңдікті қамтамасыз ету жолдары, елімізде берік инфрақұрылымды қалыптастыру, ұлттық және халықаралық деңгейлерде құқық үстемдігін орнықтырып, барлығы үшін сот әділдігіне қол жеткізу мүмкіндігін қамтамасыз ету жолдары туралы дәріс оқыды.
Бұдан әрі ҚазҰУ-дың тұрақты даму бағытындағы жобаларын қолдау елдің экологиялық және әлеуметтік дамуын жеделдетіп, жаһандық мәселелерді шешуге үлес қосары анық.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, мемлекет
және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық
және әкімшілік құқық кафедрасының доценті,
з.ғ.к. Мынбатырова Н. Қ.
Құқықтану мамандығының
2-курс магистранты Алимбекова А. Б.