Жаңа Конституция елдегі заң үстемдігін нығайтып, халықтың мемлекет басқару ісіне қатысуына мүмкіндік береді. Сонымен қатар, ол жас ұрпақтың жарқын болашағына жол ашып, білімді, әділетті әрі жауапты қоғам қалыптастыруға ықпал етеді. Сондықтан Конституцияны құрметтеу – әрбір қазақстандықтың азаматтық борышы. Біздің ортақ мақсатымыз – бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтап, гүлденген Қазақстан құру.

