-9.1 C
Алматы
-10.5 C
Капшагай
Четверг, 12 декабря, 2024
spot_img

Түркістан облысында 2000-нан астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталды

Түркістан облысында құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге және түрлі құқық бұзушылықтардың жолын кесуге бағытталған іс-шараның үш тәулігінде «ізін суытпай» 40 қылмыс пен бұрын жасалған 2 қылмыс ашылды.

Сондай-ақ тәртіп сақшылары 2275 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады.
Атап айтқанда, «Ұсақ бұзақылық» жасағаны үшін 52 құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Сонымен қатар мас күйінде көлік жүргізудің 18 фактісі және қарсы жолаққа шығудың 9 фактісінің жолы кесілді.

Мысалы полиция қызметкерлері патрульдеу кезінде Түркістан қаласы көшелерінің бірінен «Хундай Соната» маркалы автокөлікті тоқтатты. Тексеру кезінде жүргізушінің көлік құралын мас күйінде басқарғаны анықталды. Тәртіп сақшылары жол ережесін бұзушыны әкімшілік жауапқа тартылды.

Естеріңізге сала кетейік, «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы жедел жағдайды жақсарту, құқық бұзушылықтарға «нөлдік төзімділік» қағидатын нығайту және көшелер мен қоғамдық орындарда азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында өткізіледі.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

- Подписка 2025 -spot_img
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар | Статьи по теме

- Подписка 2025 -spot_img

instagram
@nurlyolke

Жаңалықтар | Новости