-1.1 C
Алматы
5.5 C
Капшагай
Среда, 4 декабря, 2024
spot_img

Алматы облысында 10 мың тоннаға жуық инертті материал әзірленді

Алматы облысында қар басу, қар көшкіні, көктайғақ және жол-көлік апаттарына қарсы арнайы дайындық шаралары жүргізілді. Бұл туралы Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаменті басқармасының аға инженері Дінмұхамет Құсайынұлы баспасөз мәслихатында мәлімдеді.
Облыстағы жолдардың жалпы ұзындығы 5741 шақырым.Оның 1809 шақырымы республикалық, ал 3370 шақырымы облыстық маңызы бар жол. Қар басу және қар көшкіні қаупі бар 11 учаске анықталып, бұл аймақтарда арнайы дайындық жұмыстары жүргізілді.
Қыс мезгілінде азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында аймақта 11 жылыту және 4 медициналық құтқару пункті жұмыс істейді. Бұл пункттер өңірдің стратегиялық жол учаскелерінде орналасып, ауа райы нашарлаған жағдайда жолда қалған адамдарға көмек көрсету үшін құрылды. Атап айтсақ, олар Жаңа-Арна, Күрті, Тарғап және Шелек бағытындағы жол жиегінде орналасқан.

“Қыс мезгілінде жолдағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін сақадай саймыз. Бүгінде 9481 тонна инертті материал мен 127 қар тазалау техникасы дайындалды”,– деді Дінмұхамет Құсайынұлы.

Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарды ауа райы туралы ескертулер мен қауіпсіздік шаралары жайлы үнемі ақпараттандырып отырады. Бұл мақсатта «Darmen» мобильді қосымшасы мен ұялы байланыс операторлары арқылы дауылды ескертулер мен төтенше жағдайлар туралы ақпарат таратылады.

- Подписка 2025 -spot_img
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар | Статьи по теме

- Подписка 2025 -spot_img

instagram
@nurlyolke

Жаңалықтар | Новости