Қонаев қалалық мәслихатының депутаттығына кандидат · №3 бірмандаттық сайлау округі · «Әділет» партиясы
ҚАДІРЛІ ҚОНАЕВ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ!
Әрбір адам өзі тұратын қаланың таза, қауіпсіз әрі жайлы болғанын қалайды. Балаларымыз алаңсыз ойнап, үлкендеріміз тыныш өмір сүріп, жастарымыз өз болашағын туған қаласымен байланыстыра алуы керек.
Қонаевтың дамуы тұрғындардың күнделікті қажеттіліктерінен басталады. Аулаларды абаттандыру, көшелерді жарықтандыру, жолдардың сапасын жақсарту, қоғамдық орындарды күтіп ұстау және әлеуметтік нысандардың қолжетімділігін арттыру – назардан тыс қалмауы тиіс мәселелер.
Мен осы бағыттардағы тұрғындардың ұсыныстарын жинақтап, өзекті мәселелердің шешілуіне депутаттық өкілеттігім аясында ықпал етуге дайынмын. Әр өтініштің артында нақты адамның тағдыры, әр мәселенің артында бір отбасының үміті тұрғанын ұмытпауымыз керек.
Қаламыздың дамуы тек бір адамның емес, бүкіл қоғамның ортақ еңбегіне байланысты. Сондықтан халықпен бірлесе жұмыс істеп, өзекті мәселелерді кезең-кезеңімен шешуге күш салу маңызды.
МЕНІҢ ҰСТАНЫМДАРЫМ
Тұрғындардың қауіпсіздігі мен жайлылығын бірінші орынға қою. Қала тазалығына, инфрақұрылым сапасына және қоғамдық кеңістіктердің жағдайына назар аудару. Халықтың пікірін тыңдап, әрбір мәселені заң аясында шешуге ұмтылу.
Мен ашық диалогқа, сындарлы ұсыныстарға және ортақ іске әрдайым дайынмын. Қонаевтың бүгінін жақсартып, ертеңіне берік негіз қалыптастыруға бірге атсалысайық!
Сайлауға келіңіздер! Маған дауыс беріңіздер!
«Қала тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыру жөніндегі барлық жұмыс халықаралық стандарттарға сай бейімделуі тиіс».
Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаев
ҚҰРМЕТТІ САЙЛАУШЫЛАР!
Мен, Калиев Ринат Ерболович, 1982 жылғы 22 шілдеде дүниеге келдім. 2023 жылы «ALIKHAN BOKEIKHAN UNIVERSITY» жоғары оқу орнын «Электротехника және энергетика» мамандығы бойынша тәмамдадым.
Еңбек жолымды 2011 жылы «Строй Энерго Сервис» ЖШС-де әкімшілік-шаруашылық бөлімінің экономисі қызметінен бастадым. 2012–2013 жылдары жетекші экономист, 2013–2015 жылдары әкімшілік-шаруашылық бөлім басшысының орынбасары қызметтерін атқардым. 2015–2018 жылдары «СЭГРЭС-2» АҚ-да материалдық-техникалық қамтамасыз ету бойынша жетекші экономист болып жұмыс істедім. 2018–2023 жылдары осы кәсіпорында қойма басқармасы бастығының орынбасары қызметін атқардым. 2024 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Қонаев қаласындағы «Жасыл қала Қонаев» МКК директорының орынбасары қызметін атқарып келемін.
2026 жылғы 23 қыркүйектен бастап «Әділет» партиясының мүшесімін.
Еңбек жолымда экономика, материалдық-техникалық қамтамасыз ету және коммуналдық шаруашылық салаларында тәжірибе жинақтадым. Әрбір қызметім жауапкершілікті, ұйымдастырушылық қабілетті және тиімді басқару тәсілдерін талап етті.
Мен үшін Қонаев қаласының дамуына үлес қосу, қалалық инфрақұрылымды жақсартуға бағытталған бастамаларды қолдау, тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру және халықты толғандыратын мәселелердің шешілуіне атсалысу маңызды.
Басты мақсатым – жинақтаған тәжірибемді ел игілігіне жұмсау, тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған жобаларды қолдау және Қонаев қаласының тұрақты дамуына өз үлесімді қосу.
Құрметпен, Ринат Калиев
2026–2031 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН НАҚТЫ МІНДЕТТЕМЕЛЕР
ЖОЛ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ ЖӘНЕ ҚАЛАНЫ АБАТТАНДЫРУ
1. Қонаев қаласында М. Әуезов көшесін екі жолақтан төрт жолаққа дейін кеңейту жұмыстарына ықпал ету.
2. Қаланың бес шағынауданын газдандыру жұмыстарын аяқтау жұмыстарын қадағалау.
3. 2030 жылға дейін Қонаев қаласының көшелері мен жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарын жөндеу, жол жамылғысының сапасын жақсарту және көлік қозғалысының қауіпсіздігін арттыру жұмыстарына ықпал ету.
Қуатты өңірлер – қуатты ел!
4. Қонаев қаласының су құбыры және кәріз желілерін реконструкциялау жобаларының іске асырылуына ықпал ету. Инженерлік инфрақұрылымды жаңғырту, тұрғындарды тұрақты сумен қамтамасыз ету және кәріз жүйесінің сапалы жұмыс істеуі мәселелерін бақылауда ұстау. Аталған жобаларды 2030 жылға дейін іске асыруға ықпал ету.
ИНЖЕНЕРЛІК ЖӘНЕ КОММУНАЛДЫҚ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ
1. 2030 жылға дейін Қонаев қаласының электрмен жабдықтау жүйесін жаңғыртуға, электр желілерінің тозуын азайтуға және жаңа қосалқы станцияларды салу жобаларының іске асуына ықпал ету.
2. Қала тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету, су құбырлары мен кәріз жүйелерін жаңғырту және сарқынды суларды тазарту инфрақұрылымын дамыту бастамаларын қолдау.
3. Қонаев қаласының жылу желілерін жаңғыртуға және жылумен жабдықтау жүйесінің сенімділігін арттыруға бағытталған жобалардың жүзеге асуына ықпал ету.
ӘЛЕУМЕТТІК ИНФРАҚҰРЫЛЫМ
1. Полиция пунктінің әкімшілік ғимаратын салу.
2. 2030 жылға дейін Қонаев қаласындағы жағажайларды абаттандыру, демалыс аймақтарының қолайлылығы мен қауіпсіздігін арттыруға бағытталған жұмыстардың жүзеге асуына ықпал ету.
3. Қонаев қаласының үш көшеге инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым жүргізу жобасының іске асуына ықпал ету арқылы тұрғындардың өмір сүру жағдайын жақсартуға үлес қосу.
ЗАМАНАУИ МЕКТЕПТЕР ЖӘНЕ БАЛАЛАРҒА ҚОЛАЙЛЫ ЖАҒДАЙ
Қонаев қаласында 1 200 орындық жаңа орта мектеп салу жобасының іске асырылуына ықпал ету. Жаңа мектеп құрылысын 2030 жылға дейін жүзеге асыру.
ҚОЛДАНЫСТАҒЫ МЕКТЕПТЕРДІ ЖАҢҒЫРТУ
Ы. Алтынсарин атындағы №1 орта мектепке 300 орындық қосымша ғимарат салу жобасының жүзеге асырылуына және Ш.Уалиханов атындағы №2 гимназияның күрделі жөндеу жұмыстарын 2027 жылдың соңына дейін аяқтауға ықпал ету.
БАЛАЛАРДЫҢ ЗИЯТКЕРЛІК ДАМУЫ ЖӘНЕ ҚОСЫМША БІЛІМ
Қонаев қаласында 600 орындық, кітапханасы бар Оқушылар сарайын салу жобасының іске асырылуын қамтамасыз ету. Жобанын 2030 жылға дейін жүзеге асырылуын қадағалау.
ҚОЛЖЕТІМДІ ӘРІ САПАЛЫ МЕДИЦИНА
2027 жылға Қонаев қалалық көпсалы ауруханасының балалар емханасы ғимаратына сапалы күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуді қамтамасыз ету.
ТҰРҒЫН ҮЙМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
Халықтың тұрғын үймен қамтамасыз етілу деңгейін арттыру мақсатында тұрғын үй құрылысы мен тұрғын үй инфрақұрылымын дамытуға қолдау көрсету. Бір тұрғынға шаққандағы тұрғын үймен қамтамасыз етілу көрсеткішін 2027 жылға қарай 30 шаршы метрге жеткізуге ықпал ету.
Сіздердің пікірлеріңіз – менің бағдарыма негіз!
Сенімдеріңізді адал еңбекпен ақтаймын!
Әр шешімім – туған жердің игілігі үшін!
(Кандидаттардың үгіт-насихат материалдары республикалық бюджеттен қаржыландырылды).

