-12.1 C
Алматы
-7.1 C
Капшагай
Среда, 15 января, 2025
spot_img

Балқаш ауданында былтыр 14 мың тоннадан астам ет өндірілді

Кезінде «ақ күріштің отаны» атанған Балқаш ауданы ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, шағын бизнес және инфрақұрылымдық даму бойынша жоғары көрсеткішке қол жеткізіп отыр. 2024 жылы ауданда ауылшаруашылығының ішкі өнім саны 40 миллиард теңгеден асып, жергілікті тұрғындардың еңбегі еселеніп, мемлекеттік қолдау шаралары жемісті нәтиже берген жайы бар. Бұл туралы Өңірлік коммникациялар қызметінің ақпараттық алаңында Балқаш ауданының әкімі Азат Үкітайұлы баяндады.
Ауданның басты байлығы – егістік алқаптары. Жыл қорытындысы бойынша, 28 мың гектардан астам жерге егін егіліп, оның ішінде күріш басты дақыл ретінде 7 мың гектарға жуық жерге себілді. Бұл жетістіктерге мемлекет тарапынан көрсетілген қолдау айтарлықтай әсер етті. Көктемгі және күзгі дала жұмыстарына қажетті 350 тонна арзандатылған дизель отыны шаруаларға дер кезінде жеткізілді. Бұл ғана емес, техникалық жабдықтар мен басқа да қажеттіліктерді қамтамасыз ету арқылы өнімділік деңгейі артты.
Балқаш ауданы мал шаруашылығымен де танымал. Ірі қара малдың саны 92 мыңнан асып, ет өндірісі 14 мың тоннадан жоғары болды. Мал қыстату науқанын сапалы жүргізу мақсатында аудан бойынша барлығы 160,9 мың тонна мал азығы дайындалды.
Аймақ экономикасының өркендеуіне шағын және орта бизнестің өркендеуі негіз болып отыр.Бүгінгі таңда 2600-ден астам кәсіпкерлік субъектісі жұмыс істеп, жергілікті халықты тұрақты жұмыспен қамтамасыз етіп отыр. «Ауыл Аманаты», «Кең Дала» және «Агробизнес» секілді мемлекеттік бағдарламалардың аясында көптеген азаматтар өз кәсібін ашуға мүмкіндік алды. Мысалы, өткен жылы «Ауыл Аманаты» бағдарламасы аясында 144 азамат шағын несие алып, жаңа жобаларын іске қосты. Бұл бағдарламалар кәсіпкерлердің санын ғана емес, аудандағы экономикалық белсенділікті де арттырды.
Баспасөз мәслихаты барысында Азат Үкітайұлы инфрақұрылымды жақсарту жүмыстарына тоқталды. Аудан басшысының сөзіне сүйенсек, газдандыру жұмыстары қарқынды жүргізіліп, 1000-нан астам үй көгілдір отынға қосылды.
«Бақанас, Ақдала, Бақбақты сияқты ауылдарда газ желісі толық іске қосылып, халық отын мәселесінен біржола құтылды. Сонымен қатар, орталықтандырылған ауыз су жүйесіне қосылған елді мекендер саны артты. Аудан тұрғындарының 95%-дан астамы таза ауыз суға қол жеткізіп отыр. Бұл жұмыстар әлі де жалғасуда, алдағы жылдары жаңа жобалар іске асады»,- деді балқаш ауданының әкімі Азат Құтпанбетов.
Өз баяндамасында спикер, құрылыс саласындағы атқарылған жұмыстарды тілге тиек етті. Көптің қуанышы еселеніп, Бақанас ауылында 5 қабатты 40 пәтерлі жалгерлік тұрғын үй қолданысқа берілген.
«Өткен жылы 5 мың шаршы метр үйдің кілті табысталды. Бұдан бөлек, Бақанас ауылында жастарға қызмет көрсету орталығы ғимараты есігін айқара ашты. Әлеуметтік маңызы бар аталмыш нысандар халықтың тұрмыс сапасын жақсарту үшін салынды»,-деді өз сөзінде Азат Үкітайұлы.
Аудан басшысы өңірдегі жолдың құрылысына ерекше тоқталды. Өйткені, мемлекет басшысы Қасым -Жомарт Тоқаев «жолдың сапасы жақсармай, еліміздің дамуы туралы сөз қозғау мүмкін емес» деген еді. Президент пәрменін басшылыққа алған аудан әкімі өзі басқаратын аймақта күре жол тағдыры қашанда назарда екенін жеткізді. Оның айтуынша, былтыр 28 көше жаңартылып, облыстық маңызы жолдарға асфальт төселген.

- Подписка 2025 -spot_img
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар | Статьи по теме

- Подписка 2025 -spot_img

Жаңалықтар | Новости

instagram
@nurlyolke