-12.1 C
Алматы
-7.1 C
Капшагай
Среда, 15 января, 2025
spot_img

Алматы облысында қызметтік борышын өтеу кезінде қаза тапқан полицей марапатталды

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қызмет барысында қаза тапқан полицей Шалхар Байжомартовтың ерлігін жоғары бағалап, оны «Айбын» ІІІ дәрежелі орденімен марапаттады.

Шалхар Байжомартов — Алматы облысы полиция департаментінің патрульдік полиция батальонында қызмет еткен аға лейтенант. Ол өзінің қызметтік міндеттерін орындау кезінде қайғылы жағдайда қаза тапты. Осыған орай, оның есімі ел есінде адал және батыл офицер ретінде сақталмақ.

Мемлекеттік марапатты марқұмның әкесіне Ішкі істер министрлігінің өкілі, министрдің орынбасары Айдар Сайтбеков табыстады. Бұл рәсім Алматы облысы полиция департаментінде өтті. Сайтбеков отбасыға көңіл айтып, Байжомартовтың ел алдындағы борышын адал атқарып, ерлікпен көз жұмғанын ерекше атап өтті.

«Шалхар Байжомартов өмірін құрбан етіп, Отан алдындағы парызын абыроймен өтеді. Мұндай ерлік ешқашан ұмытылмайды,» — деді Айдар Сайтбеков.

Естеріңізге сала кетсек, қайғылы оқиға 20 желтоқсанда орын алған. «Алматы-Өскемен» тас жолының 42-ші шақырымында «Toyota Camry» автокөлігінің жүргізушісі көктайғақ кезінде көлікті басқара алмай, полицейді қағып кеткен болатын. Апат салдарынан Шалхар Байжомартов оқиға орнында қаза болды.

- Подписка 2025 -spot_img
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар | Статьи по теме

- Подписка 2025 -spot_img

Жаңалықтар | Новости

instagram
@nurlyolke