-5.1 C
Алматы
-0.8 C
Капшагай
Среда, 15 января, 2025
spot_img

Ұлттық банк валюта айырбастау пункттеріндегі сатып алу және сату бағамының ауытқу шегін өзгертпек

Доллар үшін сатып алу мен сату бағамының айырмашылығын 7 теңге, ал еуро үшін 10 теңге мөлшерінде белгілеу ұсынылды.

Қазақстан Ұлттық банкі «Теңгеге айырбастау операцияларын жүзеге асыратын валюта айырбастау пункттеріндегі шетел валютасының сатып алу және сату бағамының ауытқу шектерін белгілеу туралы» басқарма қаулысының жобасын әзірледі.

Ұлттық банктің мәлімдеуінше, ұсынылған өзгерістер валюталық нарықтағы алыпсатарлық әрекеттерді азайтуға және қаржы нарығы қатысушыларының тәуекелдерін жабуға бағытталған.

«Айырбастау пункттері арқылы жүзеге асырылатын қолма-қол шетел валютасын сатып алу мен сату бағамының ауытқу шегі АҚШ доллары үшін – 7 теңге, ал еуро үшін – 10 теңге көлемінде белгіленуі ұсынылады», – делінген хабарламада.

Сондай-ақ, бұл шектеулер қолма-қол ақшасыз түрде жүргізілетін айырбастау операцияларына қатысты болмайтыны айтылды.

- Подписка 2025 -spot_img
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар | Статьи по теме

- Подписка 2025 -spot_img

Жаңалықтар | Новости

instagram
@nurlyolke