/Иллюстрациялық фото/
Қазақстанның бірнеше өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды. «Қазгидромет» мәліметінше, 15 қаңтарда көктайғақ пен тұман күтіледі, деп хабарлайды nurlyolke.kz.
- Маңғыстау облысында түнде және таңертең солтүстігі мен оңтүстігінде тұман түсіп, орталығында көктайғақ болады.
- Атырау облысының оңтүстігі мен шығысында түнде көктайғақ, ал батысы мен шығысында тұман күтіледі. Атырау қаласында да түнде көктайғақ болады.
- Абай облысында боран соғады. Батыс пен оңтүстікте жел жылдамдығы 15-20 м/с, кейде 25 м/с жетеді.
- Шығыс Қазақстан облысында түнде және таңертең тұман түсіп, шығыс пен оңтүстік-шығысында жел күшейеді (15-20 м/с). Өскемен қаласында түнде тұман түседі, екінші дәрежелі қолайсыз метеожағдай ескертуі сақталады.
- Жамбыл облысында таулы аймақтарда тұман күтіліп, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-қа жетеді. Тараз қаласында тұман түсуі мүмкін.
- Батыс Қазақстан облысында көктайғақ пен тұман болады. Оралда да түнде және таңертең осындай жағдай күтіледі.
- Солтүстік Қазақстан облысында боран соғып, желдің екпіні 15-20 м/с болады. Петропавлда күндіз боран соғып, жел күшейеді.
- Қарағанды облысының солтүстігінде желдің екпіні күндіз 18 м/с-қа жетеді.
- Ақмола облысында боран болып, жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.
- Ұлытау облысының солтүстігі мен орталығында тұман күтіледі. Жезқазғанда да тұман түсуі мүмкін.
- Қызылорда облысының солтүстігі мен батысында көктайғақ болады.
- Қостанай облысында боран соғып, жел күшейеді. Оңтүстігінде тұман болады. Қостанай қаласында түнде боран күтіледі.
- Түркістан облысының таулы аудандарында түнде және таңертең тұман болады, жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.
- Жетісу облысында Алакөл көлдері аймағында желдің екпіні 23-28 м/с дейін жетуі мүмкін.
Синоптиктер тұрғындарды қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады.