-3.1 C
Алматы
Среда, 5 ноября, 2025

МӘДЕНИЕТТАНУШЫ – ҚОҒАМ МЕН МӘДЕНИЕТ АРАСЫНДАҒЫ ДӘНЕКЕР

Мәдениеттану мамандығы – мәдениет және оның институттарын тұтас феномен ретінде зерттейтін ғылым саласы. Бұл ғылым адамзат өркениетінің даму заңдылықтарын, мәдени құндылықтар мен символдық жүйелердің өзара байланысын зерделейді. Мәдениет пен өркениет мәселесіне деген қызығушылық қазіргі қоғамның ең өзекті бағыттарының біріне айналды.

Қазіргі жаһандану дәуірінде рухани тұтастық пен мәдени құндылықтарды сақтау – қоғам дамуының басты міндеті. Себебі мәдениет – ұлттың болмысын айқындайтын рухани тамыр. Ал сол мәдениетті зерттеп, оны ғылыми тұрғыдан түсіндіретін тұлға – мәдениеттанушы.

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Мәдениеттану» мамандығы – қоғам мен мәдениет арасындағы рухани көпір қызметін атқаратын, жас ұрпақтың дүниетанымын кеңейтіп, ұлттық сана мен адамгершілік-рухани құндылықтарын дамытуға бағытталған бірегей оқу бағдарламасы.

Мәдениет – адамзаттың жаны болса, мәдениеттанушы – сол жанның мәнін ұғындырған ғалым. Мәдениеттанушы – қоғам мен мәдениеттің арасындағы дәнекер, рухани кеңістіктің талдаушысы және мәдени даму векторын айқындайтын сарапшы. Ол адам мен өркениет арасындағы өзара тәуелділікті, дәстүр мен жаңашылдықтың, ұлттық пен жаһандықтың үйлесімін түсіндіре отырып, қоғамның рухани болашағын қалыптастыруға үлес қосады.

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Мәдениеттану» мамандығы – бүгінгі ғылым мен руханиятты тоғыстырған синтез алаңы. Бұл мамандықты меңгеру – мәдениетке ғылыми көзқараспен қарап, қоғамның рухани дамуына бағыт берудің жолы. https://farabi.university/

Жұбанышов А.Ш. «Мәдениеттану» мамандығының 2-курс докторанты
Ғылыми жетекшісі: Каупенбаева С.М. PhD, аға оқытушы
Ғылыми тәжірибе жетекшісі: Балтымова М.Р. ф.ғ.к. қауымдастырылған профессор

Ұқсас мақалалар | Статьи по теме

Жаңалықтар | Новости

instagram
@nurlyolke