-1.1 C
Алматы
Среда, 28 января, 2026

Болашақ ұрпақтың тәрбиесі үшін аса маңызды шешім

Назым Сабазқызы, Аналар кеңесі төрайымының орынбасары:
Конституциялық комиссия отырысында ұсынылған өзгерістердің мазмұнымен таныса отырып, бұл бастамалардың ең алдымен қоғамдағы адам құндылығын, отбасының маңызын және ұрпақ тәрбиесіне деген жауапкершілікті күшейтуге бағытталғанын көріп отырмыз. Конституцияда неке мен отбасы құндылықтарын конституциялық деңгейде бекіту – болашақ ұрпақтың тәрбиесі үшін аса маңызды шешім.
Ана ретінде де, Аналар кеңесінің өкілі ретінде де мен үшін балалардың қауіпсіз ортада өсіп, олардың құқықтары сенімді қорғалуы – басты мәселе. Ұсынылып отырған түзетулер адамның жеке басына қол сұқпаушылықты, ар-намыс пен қадір-қасиетті қорғауды, жеке мәліметтердің қауіпсіздігін күшейтуді көздейді. Бұл – қазіргі цифрлық заманда өте өзекті.
Сонымен қатар азаматтардың мемлекеттік басқаруға қатысу мүмкіндіктерінің кеңеюі қоғамның белсенділігін арттырып, әр адамның ел тағдырына бейжай қарамауына жол ашады. Мұндай жүйелі реформалар қоғам мен мемлекет арасындағы сенімді нығайтып, Қазақстанның болашағын берік етуге қызмет етеді деп сенемін. Сондықтан ұсынылып отырған конституциялық өзгерістерді толық қолдаймын.

Ұқсас мақалалар | Статьи по теме

Жаңалықтар | Новости

instagram
@nurlyolke