-4.1 C
Алматы
Пятница, 30 января, 2026

Бұл қағидаттар қандай да бір реформаның өзегінде тұруы тиіс

Бүгін Конституциялық комиссия отырысында Қазақстанның жаңа Конституциясының алғашқы жобасының таныстырылуы ел үшін маңызды оқиға болды деп санаймын. Бұл құжатты дайындау барысында қоғам пікірі ескеріліп, азаматтардың ұсыныстары назарға алынғаны құптарлық.

Жаңа Конституция жобасында мемлекеттің унитарлығы, егемендігі мен аумақтық тұтастығының өзгермейтін құндылықтар ретінде бекітілуі ел тұрақтылығы үшін аса маңызды. Бұл қағидаттар қандай да бір реформаның өзегінде тұруы тиіс.

Сонымен қатар, халықтың биліктің қайнар көзі екенінің нақты айқындалуы, азаматтардың мемлекеттік басқаруға қатысу тетіктерінің кеңеюі демократиялық қоғамды нығайтуға бағытталған дұрыс қадам деп ойлаймын.

Жалпы алғанда, ұсынылып отырған жоба мемлекеттің негізін сақтай отырып, заман талабына сай жаңаруға бағытталған байыпты әрі ойластырылған құжат.

Алпысбаев Қалижан, Қонаев қаласының құрметті азаматы, Қазақстан Республикасы ішкі істер министрлігінің ардагері

Ұқсас мақалалар | Статьи по теме

Жаңалықтар | Новости

instagram
@nurlyolke