Қайрат Төлегенов, «Қапшағай тынысы» ЖШС директоры:

Жаңа Конституция жобасын еліміздің даму жолындағы маңызды кезеңдердің бірі ретінде бағалауға болады. Бұл құжат жекелеген түзетулермен шектелмей, мемлекеттің құқықтық негіздерін тұтас жаңғыртуды көздейді. Мұның өзі қоғамдағы өзгерістерге, азаматтардың сұранысына берілген нақты жауап деп санаймын.
Жобаға адам құқықтары мен бостандықтарының жоғары құндылық ретінде қойылуы – оның басты ерекшелігі. Өмір сүру құқығын қорғау, әділ сотқа қол жеткізу, заң алдындағы теңдік қағидаттарының күшеюі мемлекет пен азамат арасындағы сенімді нығайта түседі.
Сонымен қатар, билік жүйесін жетілдіру, қоғамның шешім қабылдау үдерістеріне қатысуын кеңейту бағытындағы ұсыныстар да құптарлық. Бұл өзгерістер ел басқаруда ашықтық пен жауапкершілікті арттыруға мүмкіндік береді.
Жалпы алғанда, жаңа Конституция жобасы әділетті, құқық үстемдігі орныққан және болашаққа бағдарланған Қазақстанды қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам деп есептеймін.

