1 C
Алматы
Среда, 4 февраля, 2026

Жаңа Конституция – еліміздің демократиялық дамуын тереңдетуге бағытталған маңызды әрі тағдырлы құжат

Ол мемлекет пен қоғам арасындағы жауапкершілікті күшейтіп, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды жаңа сапалық деңгейге шығаруды мақсат етеді. Ата заңда билік тармақтарының тепе-теңдігі нығайып, халықтың мемлекеттік басқару ісіне қатысу мүмкіндіктері кеңейе түсті.

Сонымен бірге, Конституция әлеуметтік әділдікті орнықтыруға, заңның үстемдігін қамтамасыз етуге және азаматтық қоғамды дамытуға ерекше мән береді. Бұл бастамалар елдің тұрақты дамуына жол ашып, азаматтардың мемлекетке деген сенімін арттыруға ықпал етеді.

Қорыта айтқанда, Жаңа Конституция – келешекке бағытталған маңызды қадам. Ол әрбір азаматтың құқығын қорғауға, әділ, ашық және жауапты мемлекетті қалыптастыруға берік негіз қалайды.

Ұқсас мақалалар | Статьи по теме

Жаңалықтар | Новости

instagram
@nurlyolke