Аталған құжат алдағы 15 наурызда өтетін республикалық референдумға шығарылатын маңызды саяси-құқықтық бастама болып табылады.
Кездесу барысында ұжым мүшелеріне жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттары мен жаңашылдықтары жан-жақты түсіндірілді. Сондай-ақ ұсынылып отырған өзгерістердің мемлекет дамуының жаңа кезеңіне сәйкес келетіні, қоғамдық қатынастарды жетілдіруге және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын нығайтуға бағытталғаны атап өтілді.
Жиында Конституцияның ел өміріндегі айрықша рөлі, оның әрбір азаматтың күнделікті тіршілігіне, әлеуметтік қорғалуына, заң алдындағы теңдігіне және әділетті қоғам қалыптастырудағы маңызы кеңінен талқыланды. Қатысушылар жаңа Негізгі заң жобасын қабылдаудың уақыт талабынан туындап отырған қажеттілік екендігіне тоқталды.
Еңбек ұжымы ел болашағы үшін маңызды шешім қабылдау – әрбір азаматтың азаматтық парызы екенін білдіріп, алдағы референдумға белсенді қатысуға дайын екендіктерін жеткізді. Кездесу ашық пікір алмасу форматында өтіп, қатысушылар өз ойларын ортаға салып, ұсыныстарын білдірді.
Бұл жиын азаматтық жауапкершілік пен құқықтық мәдениетті арттыруға бағытталған маңызды шаралардың бірі болды.



