Жаңа Конституция жобасы туралы ақпаратты көріп, мәтінімен де танысып шықтым. Қазір заман тез өзгеріп жатыр, технология да, қоғам да басқа деңгейге көтерілді. Сондықтан заңдарымыз да уақыт талабына сай жаңарып отырғаны дұрыс деп ойлаймын.
Жастар үшін ең маңыздысы – еркін ойлау, білім алу, өз идеясын жүзеге асыруға мүмкіндік болуы. Конституцияда адам құқығы, білім мен ғылым, инновация сияқты бағыттарға көңіл бөлінуі көңілге қонады. Бұл – болашаққа деген сенім береді.
Меніңше, ең бастысы – қоғамда бірлік пен түсіністік сақталуы керек. Әркім өз пікірін ашық айтып, бірақ бір-бірін тыңдай білгені дұрыс. Себебі еліміздің ертеңі – бәрімізге ортақ.
Дәулет ЖОЛДАС, жас маман, креатив дизайнер, Қонаев қаласының тұрғыны



