spot_img

Адам еңбегінің қадірі болса, соның өзі үлкен қуаныш

Біз ауылда жүрген қарапайым адамдармыз ғой. Күнделікті тіршілігіміз – еңбек, бала-шағаның қамы, елдің амандығы. Соңғы уақытта жаңа Конституция жобасы туралы көп айтылып жатыр. Мен де теледидардан, ел арасындағы әңгімеден естіп, мән беріп отырмын. Конституция деген – елдің негізгі заңы, бәріміз соның аясында өмір сүріп жатырмыз. Сондықтан мұндай өзгерістер әр азаматқа қатысты деп ойлаймын.

Мен өзім тігіншілікпен айналысамын, қолымнан келгенше еңбек етіп, адал нәпақамды тауып жүрмін. Қазақта «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» дейді ғой. Елде заң дұрыс, әділ болса, қарапайым еңбек етіп жүрген адамдарға да мүмкіндік болады. Адам еңбегінің қадірі болса, соның өзі үлкен қуаныш.

Біз үлкендер үшін ең бастысы – елдің тыныштығы мен халықтың бірлігі. Балаларымыз аман болып, немерелеріміз бейбіт заманда өссе дейміз. Заң да, өзгеріс те ең алдымен халықтың игілігі үшін болуы керек.

КҮЛИНҰР БІЛӘЛ, Шеңгелді ауылының тұрғыны, тігінші

Ұқсас мақалалар | Статьи по теме

Жаңалықтар | Новости

instagram
@nurlyolke