Қонаев қаласында 31 сайлау учаскесі өз жұмысын бастады. Оның бесеуі – жабық учаскелер. 31 сайлау учаскесінің алтауы Шеңгелді ауылдық округінің елдімекендерінде орналасқан.
Рефендумға қатысуға құқығы бар азаматтар саны – 44200 адам. Оның 5300-ге жуығы Шеңгелді ауылдық округінде тұрады.
144 мүгедектігі бар референдумға қатысушылар бар. олардың дауыс беруі үшін барлық жағдай жасалған. Пандустар, көмекке шақыру батырмалары, арнайы дауыс беретін кабиналар, компьютер, ұлғайтқыш лупа, құлаққап, бюллетеннің екі тілдегі аудио нұсқалары орналастырылған.
222 комиссия мүшелері референдумды ұйымдастыру және өткізу бойынша біліктілік тестілеуден өтті. Қонаев қаласы және Шеңгелді ауылдық округінің 22 учаскесінде дауыс берушілердің дерекқорына қолжетімділігі бар онлайн-сервис қосылған.
Референдум кешкі сағат 20.00-ге дейін жалғасады. Әр тұрғын 109-Бірыңғай байланыс орталығына хабарласып, сайлау учаскесін анықтауына мүмкіндік бар.





