Қонаев қаласының тұрғыны, 40 еңбек өтілі бар ардақты ұстаз Дәметкен Нүсіпбекова республикалық референдумға қатысып, өз таңдауын жасады.
Дәметкен әже ұзақ жылдар бойы білім саласында еңбек етіп, сан мыңдаған шәкірт тәрбиелеген. Бүгінде ол қоғам өмірінен шет қалмай, Аналар кеңесінің төрайымы ретінде тәрбиелік мәні бар бастамаларға белсенді атсалысып келеді.
«Біз әрқашан елдің болашағына бейжай қарамауымыз керек. Бүгін мен өз азаматтық борышымды орындап, дауыс бердім. Жастарға да айтарым – ел тағдырына жауапкершілікпен қарап, қоғам өміріне белсенді қатысқан дұрыс», – деді Дәметкен Нүсіпбекова.






