spot_img

Қонаевта Олимпиада жүлдегері дауыс берді

Қонаевта Олимпиада жүлдегері, танымал балуан Ақжүрек Таңатаров өз таңдауын жасады.

2012 жылы Лондонда өткен жазғы Олимпиада ойындарында қола жүлдеге ие болған спортшы бүгінгі күні де ел өміріндегі маңызды оқиғалардан тыс қалмай, азаматтық белсенділік танытып келеді.

Ақжүрек Таңатаров – Жамбыл облысының тумасы. Еркін күрестен Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы, халықаралық турнирлер мен әлем біріншіліктерінің жүлдегері. Қазіргі таңда ол Алматы облыстық денешынықтыру және спорт басқармасының басшысы қызметін атқарады.

«Бүгін референдумға келіп, өз таңдауымды жасадым. Спортшы әрі мемлекеттік қызметші ретінде Отан алдындағы міндетімді орындадым. Конституциялық реформа барша қазақстандықтың тағдырына тікелей әсер етеді. Сол себепті жасы 18-ден асқан дауыс беруге құқығы бар адам кемел келешек үшін дауыс беруге тиіс. Көк туымызды көкте желбіретер спортшыларымыз көп болсын! Біз халық үшін аянбай еңбек етуге әрдайым дайынбыз», − деді ол.

Ұқсас мақалалар | Статьи по теме

Жаңалықтар | Новости

instagram
@nurlyolke