Шеңгелді ауылының тұрғыны Біләл Күлинұр №956 сайлау учаскесінде ұлттық бұйымдар мен қолөнер туындыларынан көрме ұйымдастырды.
Көрмеде ауыл тұрғынының қолынан шыққан әсем бұйымдар көпшілік назарына ұсынылып, ұлттық өнер мен дәстүрдің көрінісін паш етті. Мұндай бастамалар ауыл мәдениетін дәріптеп, тұрғындарға ерекше көңіл-күй сыйлады.





