spot_img

Жолдыгүл Көпбайқызы Джумагулова, Шеңгелді ауылының тұрғыны
Шеңгелді ауылында тұратын, қазақтың ұлттық ою-өрнегін тігіп, көпшілікке танытып жүрген шебер тігінші Жолдыгүл Көпбайқызы Джумагулова бүгін №956 сайлау учаскесіне келіп, республикалық референдумда өз дауысын берді. Ауылға белгілі ісмер ана бұл күннің маңыздылығын атап өтіп, өз ойын білдірді.
– Бүгін арнайы келіп, өз таңдауымды жасадым. Әр азамат ел болашағына бейжай қарамауы керек деп ойлаймын. Біз ауылда отырып та мемлекетіміздің ертеңіне үлес қоса аламыз. Сондықтан осындай маңызды күні дауыс беру – әркімнің азаматтық міндеті.
Мен өзім қолөнермен айналысамын, қазақтың ою-өрнегін тігіп, ұлттық нақыштағы бұйымдар жасаймын. Бұл – ата-бабамыздан қалған аманат, ұлттық рухымыздың бір белгісі. Сол мәдениетімізді сақтап, кейінгі ұрпаққа жеткізу үшін елімізде тұрақтылық пен бірлік болуы керек. Сондықтан бүгінгі референдумға қатысып, өз дауысымды беруді парызым деп білдім, – дейді Жолдыгүл Көпбайқызы.

Ұқсас мақалалар | Статьи по теме

Жаңалықтар | Новости

instagram
@nurlyolke