spot_img

«Қонаев» қорының вице-президенті референдумға Қонаев мінген көлікпен келді

Қонаев қаласында республикалық референдум барысында ерекше оқиға тіркелді. Д.А.Қонаев атындағы халықаралық қордың вице-президенті Дәулетбек Жанботаев дауыс беру учаскесіне мемлекет және қоғам қайраткері Д. Қонаев мінген тарихи «Чайка» автокөлігімен келді.

Көлік қала тұрғындарының ерекше қызығушылығын тудырып, көпшілік естелік суреттерге түсті. Бұл бастама ұлы тұлғаның есімін ұлықтап, оның ел дамуына қосқан еңбегін еске салудың бір көрінісі болды.

«Біздің қор 1993 жылдан бері қызмет етіп келеді. Қор мамандары мәдени-ағартушылық жобаларды жүзеге асырып қана қоймай, гуманистік құндылықтарды насихаттап жүр. Қоғамдық қор ғылым, техника, әдебиет және өнер салаларындағы жетістіктер үшін Д.Қонаев атындағы сыйлықтарды тағайындап, сондай-ақ жоғары оқу орындарының үздік студенттеріне арнайы шәкіртақылар береді. Сонымен қатар қорда Қонаевтың өмірі мен қызметіне қатысты тарихи құжаттар сақталған арнайы мұрағат жұмыс істейді», − деді қордың вице-президенті.

Сонымен қатар ол референдумға әр Қонаев тұрғыны үлес қосуы қажет екенін тілге тиек етті.

Айта кетейік, Қонаев қаласында 31 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр.

Ұқсас мақалалар | Статьи по теме

Жаңалықтар | Новости

instagram
@nurlyolke