Республикалық референдум күні Қонаев қаласында тұрғындардың дауыс беру учаскелеріне кедергісіз жетуі үшін қоғамдық көлік тегін қызмет көрсетті.
Аталған күні қала көшелерінде барлығы 30 автобус қатынап, олар 9 бағыт бойынша жолаушыларға қызмет көрсетті. Оның ішінде 4 бағыт елдімекендер арасында, ал 5 бағыт қалаішілік бағыттарды қамтыды.
Тегін қоғамдық көлік қызметі әсіресе қарттар, студенттер мен шалғай ауылдарда тұратын тұрғындар үшін қолайлы болды.
Жауапты мамандардың айтуынша, мұндай шаралар тұрғындардың қоғамдық-саяси науқандарға белсенді қатысуына жағдай жасайды.





