Бүгін, 15 наурыз күні мен Республикалық референдумға қатыстым.
Сайлау учаскесіне жақсы көңіл-күймен келіп, өз таңдауымды жасадым. Бұл жай ғана дауыс беру емес, Еліміздің болашағын ойлап, саналы түрде қабылданған шешім деп есептеймін.
Бүгін берілген әрбір дауыс – Қазақстанның дамуына, қоғамымыздың нығаюына және мемлекетіміздің одан әрі өркендеуіне қосылған маңызды үлес.
Әр азаматтың белсенділігі мен жауапкершілігі еліміздің болашағын айқындайды деп сенемін.
Горяной Сергей






