Бүгін өткен референдумда азаматтардың белсенділігі байқалды. Көпшілік өз конституциялық құқығын пайдаланып, дауыс беруге келді. Әсіресе жастардың қатысуы көңіл қуантады. Көптеген жас азаматтар сайлау учаскелеріне келіп, ел өміріндегі маңызды үдеріске бейжай қарамайтынын көрсетті. Жалпы бүгін қоғамда жауапкершілік пен азаматтық белсенділік сезілді.

