spot_img

Құқықбұзушылықтың алдын алу

Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында А. Жұбанов атындағы №5 орта мектепте 8–9 сынып оқушыларымен түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Әңгіме барысында Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 130-бабы (жала жабу) – басқа адамның ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін жалған мәліметтерді тарату, 131-бабы (қорлау) – басқа адамның ар-намысы мен қадір-қасиетін әдепсіз түрде кемсіту туралы түсіндірілді. Сонымен қатар кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінсіз тұрғын үйден тыс жерде жүруіне тыйым салынатыны және қоғамдық тәртіпті бұзудың салдары жөнінде ақпарат берілді. Оқушыларға заң талаптарын сақтау, қоғамдық тәртіпті бұзбау және өзара сыйластықты сақтау қажеттілігі түсіндірілді.
Кездесуге Қонаев қ. ПБ қызметкерлері қатысты: Қонаев қ. ПБ ОКП аға жедел уәкілі, полиция капитаны Х.К. Каптагаева; Ювеналды полиция тобының УПИ, полиция аға лейтенанты А.Қ. Сүйіндік.

Ұқсас мақалалар | Статьи по теме

spot_img

Жаңалықтар | Новости

instagram
@nurlyolke