Бүгін Алматы облысында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында сенбілік өтті. Шара барысында өңірде көгалдандыру жұмыстарына басымдық беріліп, ағаш көшеттері отырғызылды.

Игі бастама қоршаған ортаны қорғау, жасыл аймақтарды көбейту және экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған. Мамандардың айтуынша, мұндай шаралар өңірдің экологиялық ахуалын жақсартып, табиғатты сақтауға оң әсерін тигізеді.

«Таза Қазақстан» акциясы аясындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады.

Ұқсас мақалалар | Статьи по теме

Жаңалықтар | Новости

instagram
@nurlyolke