Алматы облысы Полиция департаментінің қызметкерлері «Таза Қазақстан» бастамасы аясында экологиялық акцияға қатысып, әкімшілік ғимараттарға іргелес аумақта сенбілік ұйымдастырды.
Іс-шара барысында полицейлер аумақты санитарлық тазалаудан өткізіп, ағаштарды әктеп, құрғақ шөптер мен қураған бұталарды тазалады. Жүргізілген жұмыстар қоршаған ортаны абаттандыруға және елді мекендердегі тазалықты сақтауға бағытталды.
Мұндай акциялар экологиялық ахуалды жақсартумен қатар, қызметкерлер арасындағы командалық рухты нығайтуда маңызды рөл атқарады. Бірлескен еңбек ұжымды біріктіріп, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастырады.
Полиция департаментінде атап өткендей, мұндай іс-шаралар тұрақты түрде өткізіліп, Алматы облысының барлық аудандары мен қалаларын қамтиды. Полицейлер өңір тұрғындары үшін қолайлы әрі таза орта қалыптастыруға бағытталған экологиялық бастамаларға өз үлестерін қосуда.

