Қонаев қаласында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында кезекті көгалдандыру шарасы өтті. Бұл жолы №12 шағынаудан аумағында 700 түп жасыл желек отырғызылды.
Ауқымды акцияға белсенді тұрғындар, мемлекеттік қызметшілер, еріктілер мен жастар қатысып, қала экологиясын жақсартуға өз үлестерін қосты.
«Бұл игі бастама Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолдауымен кеңінен жүзеге асырылып, қоғамның барлық саласын біріктіріп отыр. Соңғы жылдары жүргізілген жұмыстардың нәтижесі айқын: тұрғындар мен ұйымдар табиғатты қорғауға белсенді қатысып келеді. Біз бұл дәстүрді жалғастырып, көгалдандыру жұмыстарын кезең-кезеңімен жүзеге асырудамыз. Бұған дейін 3000 түп ағаш отырғызылса, бүгін тағы 700 түп ағаш егілді», – деді қала әкімі.
Ағаш отырғызу шарасына 500-ден астам адам қатысып, қала аумағын жасылдандыруға өз үлестерін қосты. Айта кету керек, бүгінгі акция Алматы облысы әкімінің орынбасары Әсет Масабаевтың бастамасымен ұйымдастырылды.
В Конаеве высажено 700 деревьев
В городе Конаев в рамках экологической акции «Таза Қазақстан» состоялось очередное мероприятие по озеленению. На этот раз в микрорайоне №12 было высажено 700 саженцев.
В акции приняли участие активные жители, государственные служащие, волонтёры и молодежь, внеся свой вклад в улучшение экологической обстановки города.
«Эта важная инициатива реализуется при поддержке Главы государства Касым-Жомарта Токаева и объединяет все слои общества. Результаты последних лет очевидны: жители и организации активно участвуют в охране окружающей среды. Мы продолжаем эту традицию и поэтапно реализуем работы по озеленению. Ранее было высажено 3000 деревьев, сегодня – ещё 700», – отметил аким города Асхат Бердиханов.
В посадке деревьев приняли участие более 500 человек. Отметим, что данное мероприятие было организовано по инициативе заместителя акима Алматинской области Асета Масабаева.

