Қазақстан Республикасының Жаңа Конституциясының жобасын әзірлеуде Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ұжымы Қазақстанның жаңа Конституциясы жобасын салыстырмалы талдауға арналған әдістемелік құрал дайындап шығарды. Бұл еңбек өзінің тиімділігімен және практикалық маңыздылығымен ерекшеленіп, Жалпыұлттық коалиция мүшелері тарапынан кеңінен қолданылды.
Аталған ғылыми жұмысты жүзеге асыруға университеттің бірқатар ғалымдары белсене атсалысты. Олардың ел дамуына қосқан үлесі жоғары бағаланып, мемлекет тарапынан лайықты марапаттарға ие болды.
Аталған оқу құралының авторлары ішінде кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы белсене араласты, осы еңбектері үшін Қазақстан Республикасы Президентінің 16 наурыздағы Жарлығы негізінде мемлекеттік наградамен «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды. Олардың қатарында Гүлдана Куаналиева, Мейіржан Сағынаев, Гүлнар Айгаринова, Айнаш Есекеева, Ләтифа Нәсіпова, Гүлнұр Рашева сынды білікті мамандар бар. Кафедра ассистент-профессоры Қанат Қожабек Президент алғыс хатын алды.
Сонымен бірге, үстіміздегі жылдың 2026 жылы 15 наурыздағы референдум нәтижесінде Конституцияның қабылдауына байланысты аталған ғалымдар Конституцияға ғылыми-тәжірибелік түсіндірме құралын әзірлеушілер қатарында болды.
Аталған жетістіктер университет ғалымдарының ел игілігі жолындағы еңбегінің нәтижесі екенін көрсетеді. Ғылыми қауымдастықтың мұндай табыстары отандық ғылым мен білімнің дамуына зор үлес қосатыны сөзсіз.
Г.К. Рашева
PhD докторы,
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының доцент м.а.
Нусипова Л.Б.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының аға оқытушысы

