БОС ЛАУАЗЫМЫНА ОРНАЛАСУҒА ОРАЙ КОНКУРС ӨТКІЗІЛЕТІНДІГІ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ
Қонаев қаласының әкімдігі, Қонаев қаласы, Жамбыл көшесі, 13, телефон: 8701-695-81-48, мемлекеттік кәсіпорнының басшысы бос лауазымына орналасуға орай ашық конкурс өткізілетіндігі туралы хабарлайды:
1. Қонаев қаласы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Қонаев Су Арнасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.
Кәсіпорынның орналасқан жері: Қонаевқаласы, Қойшыманов көшесі, 4.
Кәсіпорынның негізгі қызметінің қысқаша сипаттамасы: Кәсіпорын қызметінің мәні коммуналдық шаруашылық саласы бойынша халыққа қызмет көрсету.
Кәсіпорын қызметтің төмендегідей түрлерін жүзеге асырады:
1) Коммуналдық меншікке жататын су шаруашылығы және канализация ғимараттарын ұстау және пайдалану;
2) Аудандағы сумен жабдықтау жүйелерінен су тұтынушыларын үздіксіз және уақытылы сумен қамтамасыз ету;
3) Келісім-шарттарға сәйкес ағынды суды қабылдау және бұру, суды пайдаланушыларды белгіленген мерзімде сумен қамтамасыз ету;
4) Пайдаланылған судың есебін жүргізу, мерзімінде су пайдаланушылардың төлемақысын уақытылы жинау және тиімді пайдалану;
5) Су нысандарының ластануы, бітелуі және таусылуына жол бермейтін шараларды қабылдау;
6) Сумен жабдықтау және су құбырлары жүйелерінің ақауларын қалпына келтіру;
7) Суды тұтынушыларды сапасы мемлекеттік стандартқа және гигиеналық нормативтерге сәйкес ауыз сумен қамтамасыз ету;
8) Сумен жабдықтау көздері мен су құбырларының жүйелерін қалпына келтіру, жетілдіру, пайдалануға жарамды қалпында сақтау;
9) Техникалық байқау жүргізу жұмыстарын атқару, қолданыстағы желілерді және ғимараттарды қайта құру, күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу, жаңадан желілерді және ғимараттары салу жұмыстарын жүргізу, құрал-жабдықтарды ауыстыру жұмыстарын жасау;
10) Тікелей су объектісінен халықтың ауыз су мен шаруашылық мұқтаждықтарын, өнеркәсіп, ауыл шаруашылық су қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жер беті және жер асты су ресурстарын алып қоя отырып немесе алып, пайдаланып жүзеге асыру.
БАРЛЫҚ КОНКУРСҚА ҚАТЫСУШЫЛАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ЖАЛПЫ ТАЛАПТАР:
1) Біліктлік талаптарына сәйкес келетін жоғары білімінің болуы;
2) Мамандығы бойынша экономика саласы кәсіпорнының бейініне сәйкес басшы лауазымдарда кемінде 5 жыл жұмыс өтілінін болуы.
Конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттар аталмыш хабарландыру жергілікті газетінде жарияланған мезеттен бастап 7 күн ішінде тапсырылуы тиіс:
1) конкурсқа қатысу жөніндегі өтініш;
2) мемлекеттік және орыс тілдеріндегі резюме;
3) еркін түрде жазылған өмірбаян;
4) нотариалдық расталған білімі туралы құжаттың және қосымшасының көшірмесі;
5) белгіленген тәртіп бойынша расталған еңбек кітапшасының көшірмесі;
6) денсаулығы туралы анықтама;
7) 3 х 4 екі фотосурет
8) наркологтан және психиатрдан анықтамалар (е-гов порталынан).

