Бірнеше оқулықтар, дәптер, күнделік, қалың қарындаш, альбом, бояулар, маркерлер, кітап стенді, спорттық форма — мұның бәрін кешегі балабақша тәрбиеленушісі мектепке апаруы керек. Бірақ кейбір бірінші сынып оқушылары әлі алтыға толмаған. Ережеге сәйкес, мектеп рюкзактарының салмағы, оның ішінде киім ауыстыру, су бөтелкесі және түскі ас қорабы баланың жалпы салмағының ең көбі 10% болуы керек, мысалы, егер оқушының салмағы 25 кг болса, оның портфелінің салмағы 2,5 кг-нан аспауы тиіс. 1-2 сынып оқушыларының кітаптары мен дәптері бар портфельдердің салмағы 1,5 кг, 3-4 сыныптар — 2 кг, 5-6 сыныптар — 2,5 кг, 7-8 сыныптар — 3,5 кг, 9-11 сыныптар — 4 кг-нан аспауы керек.
Мектеп портфелін дұрыс таңдау оқушының денсаулығы мен оқу процесінің ыңғайлылығына әсер етеді. Осылайша, портфельді таңдар кезде ескерілетін бірнеше маңызды факторды атап өтейін:
— салмақты бақылау — мектеп портфелі оқушының денесіне оңай көтеруге болатын салмақта болуы керек. Өйткені ауыр портфель балалардың омыртқасына жүктеме түсіреді, бұл ұзақ уақыт бойы денсаулық мәселелеріне алып келуі;
— арқа құрылымы және белбеулер — арқа жүйесінің дұрыс құрылымы маңызды, себебі ол оқушының денесіне біркелкі салмақ таратуға көмектеседі. Портфельдің арқа бөлігінде арнайы жастықшалар немесе желдету жүйесі болуы керек, бұл терлеуді азайтады және ыңғайсыздықты болдырмайды. Белбеулердің ені де маңызды: ені кең, жұмсақ және реттелетін белбеулер оқушының иығына немесе беліне қысым жасамайды. Портфельдің екі иық белбеуін бірдей қолдану керек, себебі бір жақты тасымалдау денеге артық жүктеме түсіреді;
— жоғарғы және төменгі бөліктерінің құрылымы — портфельдің түбі қатты болуы керек, себебі ол оқу құралдары мен кітаптардың бүкіл салмағын біркелкі бөлуге көмектеседі. Қатты түбі арқаның дұрыс қалыпта болуын қамтамасыз етеді. Егер портфельдің түбі жұмсақ болса, оның формасы өзгеріп, оқушының денесіне ыңғайсыздық тудыруы мүмкін.
— баға мен сапа — портфель таңдауда баға мен сапа арасындағы теңгерім маңызды. Арзан портфельдер жиі сапасыз материалдардан жасалған және тез тозады. Қымбат портфельдер әдетте сапалы материалдар мен конструкцияға ие, бірақ олардың да таңдаудағы артықшылығын жақсы бағамен табуға болады.
Дұрыс мектеп портфелі таңдау оқушының денсаулығына әсер етуі мүмкін, сондықтан әрбір факторды ескеріп, өз балаңыз үшін ең ыңғайлы әрі денсаулыққа зиянсыз портфельді таңдауға тырысыңыз.
Н.О.Медетов,
«Қонаев қаласының санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау басқармасы» РММ

