Қонаевта Ұлттық кітап күніне арналған ауқымды мәдени шара өтті

Қонаев қаласында Ұлттық кітап күніне орай «Кітап FEST – ұлттық құндылық» атты облыстық іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шара барысында кітап көрмелері қойылып, кітапхана саласының қызметкерлері марапатталды. Сонымен қатар қаламгерлердің қатысуымен кездесулер өткізіліп, кітап оқу мәдениетін дамыту мәселелері қаралды.  

Ұлттық кітап күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен үшінші Ұлттық құрылтайда ұсынылып, 2024 жылғы 16 шілдеде Үкімет қаулысымен ресми бекітілген болатын. Биыл бұл мереке екінші рет аталып өтуде. Сонымен қатар, биылдан бастап 23 сәуір – кітапханашылар күні ретінде белгіленіп, кітап пен кітапханашы ұғымының біртұтас құндылық екені айқындалды.

Кітапхана ауласында қазақ әдебиетінің майталмандары туындыларынан тұратын кітап көрмесі ұйымдастырылып, Жамбыл Жабаевқа арналған арнайы экспозиция да көпшілік назарына ұсынылды. Жамбыл ауылы №1 мектептің оқушысы Әбдрасим Нұрасыл көрме алдында жиналған қауымға ақынның Саурық батырға арналған жырын домбырамен сүйемелдеп, нақышына келтіре орындап берді.

Жамбылдың шөбере келіні, Жамбыл ауылы кітапханасының меңгерушісі Аққұлова Лиза Оразқызыбиыл жыр алыбы Жамбылдың 180 жылдығы аталып өтіпжатқанын айтып, ақын мұрасының маңызын тілге тиек етті:

— Біз Жамбыл атаның ұрпағы болғанымызды зор қуанышәрі үлкен мақтаныш санаймыз. Ақынның әдеби мұрасын, шығармаларын кеңінен насихаттап, жас ұрпаққа өнеге, тәрбие беруді басты міндетіміз деп білеміз. Бүгін көрмеоблыс орталығына әкелініп, көпшілік назарына ұсынылып отыр», – деді. 

Көрмеге ақынның кітаптары, он томдық шығармалар жинағы, нақыл сөздері мен мақалалары, сондай-ақ жергілікті ақын-жазушы Нағашыбек Қапалбекұлының«Жамбыл әлемі» атты отыз томдық жинағы қойылған. Сонымен қатар, Жамбыл атаның киген шапандары мен пайдаланған тұрмыстық бұйымдары да көпшілікке ұсынылды. 

Шараның ресми бөлімінде алғашқы құттықтау сөз Алматы облысының Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Әнуар ҮмбеталиевМұхтарханұлына берілді.

Ол жиылған зиялы қауым мен қонақтарды Ұлттық кітап күні және биыл алғаш рет осы күнге бекітілген Кітапханашылар күнімен құттықтап, бұл бастаманың екінші жыл қатарынан өткізілуі кітап пен руханиятқа деген құрметтің нақты көрінісі екенін атап өтті. «Кітап – ұлттың жадын сақтайтын, сананы тәрбиелейтін, болашаққа бағыт беретін баға жетпес қазына», – деді басқарма басшысы.

Сонымен қатар ол кітапханашылардың қоғамдағы рөліне тоқталып, олардың рухани қазынаны халыққа жеткізуші көпір екенін ерекше атап өтті. Бүгінде кітапханалар тек кітап сақтайтын орын емес, мәдениет пен білімнің, жаңа идеялар мен шығармашылықтың орталығына айналып отырғанын айтты. Осы бағытта Алматы облысында жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатқанын жеткізіп, өткен жылдан бері Қонаев, Шелек, Жандосов және Ұйғыр аудандарындағы кітапханалар жаңғыртудан өткенін, ал Жандосов ауылында балалар кітапханасы ашылғанын тілге тиек етті.

«Кітапхана оқырманға қолайлы жаңа форматта қызмет көрсете бастады», – деген ол биыл тағы екі кітапхананы жаңғыртуға қаражат бөлінгенін де атап өтті. Мұны өңірдегі рухани инфрақұрылымды дамытуға бағытталған нақты қолдау ретінде бағалады.

Әнуар Үмбеталиев мерекенің басты мақсаты – кітап оқу мәдениетін дамыту, жас ұрпақтың рухани дүниесін байыту және ұлттық құндылықтарды ұлықтау екенін айтып, бұл ретте кітапханалардың еңбегі орасан зор екенін жеткізді. Оның айтуынша, қазіргі ақпарат ағыны күшейген заманда да кітаптың орны айрықша, өйткені ол адамды ойлануға, ізденуге жетелейді.

Сөз арасында ол Мұхтар Әуезовтің «Кітап аяулы досы бола бастаған шақтан былай ғана әрбір жан өзін интеллигент бола бастадым деп санауына болады» деген қанатты сөзін келтіріп, кітап оқудың маңызын айқындады.

Басқарма басшысы кітапханашылардың еңбегін жоғары бағалап, олардың арқасында жас ұрпақтың кітапқа деген қызығушылығы артып, білімге құштарлығы нығайып келе жатқанын атап өтті. Ол барша сала қызметкерлеріне зорденсаулық, шығармашылық табыс тілеп, «руханиятымызды байытып, ұлт болашағынқалыптастыру жолындағы еңбектеріңіз әрдайым жемістіболсын» деп өз сөзін қорытындылады. 

Келесі сөз Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының директоры Ғазиза Құдайбергенқызынаберілді. Спикер өз сөзінде елімізде Ұлттық кітап күні екінші жыл қатарынан аталып өтіп отырғанын айтып, бұл мерекенің маңызы тек кітап оқуды насихаттаумен шектелмейтінін атап өтті. Оның пікірінше, аталған күн баспа ісінің, қаламгерлер қауымының, аударма саласының дамуына және жаңа әдеби бағыттардың қалыптасуына серпін беріп отыр. Сонымен қатар ол кітап пен кітапханашының өзара ажырамас байланысына тоқталып, «кітапты кітапханашысыз, кітапханашыны кітапсыз елестету мүмкін емес» екенін жеткізді.

Ғазиза Құдайбергенқызы кітап индустриясындағы барлық буынның біртұтас жүйе ретінде дамып келе жатқанын айтып, бұл бағыттағы өзара ықпалдастықтың маңызын ерекше атап өтті.

Сондай-ақ, Алматы облысында жүзеге асып жатқан нақты жобаларға тоқталып, 2025–2027 жылдарға арналған кітапханаларды жаңғырту бағдарламасы аясында өңірдегі мәдени нысандардың кезең-кезеңімен жаңартылып жатқанын оң бағалады. Аудандар мен ауылдардағы кітапханалар заманауи талаптарға сай жабдықталып, оқырманға жаңа форматта қызмет көрсете бастағанын тілге тиек етті.

Сөз соңында ол кітапханашы мамандығының қоғамдағы орнына тоқталып, олардың еңбегі ұлттық рухани өзекті қалыптастырумен тікелей байланысты екенін атап өтті. «Кітапханашылар – білім мен ғылымға бастайтын шамшырақ», – деген ол сала мамандарына кәсіби табыс тіледі.

Шара барысында сала мамандары марапатталды. Алматы облысы әкімінің Құрмет грамотасына Ұйғыр ауданындағы әл-Фараби атындағы кітапхананың директоры Аида Тұрсынова, облыстық кітапхананың бөлім меңгерушісі Фархат Қожабеков, ауылдық кітапханашылар Жазира Ботамбаева, Сәуле Қарыбозова, Жанна Құдабаева ие болды.

Алғыс хаттар Роза Бозайқызы, Құралай Молдахметова, Айымгүл Мысаева, Салтанат Кемекова және Хамит Алғабекке табысталды.

Ұлттық кітапхана атынан берілген марапаттар да кең ауқымды қамтыды. Карлыгаш Рахыбаева, Аслан Алмабек, Салтанат Бекбосунова, Ажар Рахымжанова, Гүлнара Мұқұмжан Құрмет грамотасымен марапатталды. «Кітапхана ісінің үздігі» төсбелгісі Айман Курманалиева, Айман Үмбеталиева, Салтанат Ибраймова, Фариза Кулатаева, Маржан Рысбекова, Айгүл Ақтанова және басқа да кітапханашыларға табысталды.

Сала ардагерлері – Бубуайша Бөгенебаева, Нұрбике Тастанова, Мейрамкүл Жабиева және басқа да тәжірибелі мамандар «Кітапхана ісінің ардагері» төсбелгісімен марапатталды. Қазақстандық кітапханалық одақтың «Қазақстанның құрметті кітапханашысы» атағы Мақпал Андас, Еркежан Тергенбаева, Гульнара Асамбаева, Тлектес Саутбаева және өзге де кітапханашыларға берілді. 

Мерекелік жиында «Аманат» партиясы Алматы облысы филиалының саяси жұмыс бөлімінің меңгерушісі Байбөриев Ілияс Ғалымжанұлы мереке иелеріне жүрекжарды лебізін білдіре отырып, кітап оқу мәдениетінің маңызына да арнайы тоқталды:
«Бүгін – Ұлттық кітап күні. Осындай айтулы сәттеруханиятқа еңбек сіңіріп жүрген азаматтар мен кітапханашылардың бас қосуының мәні ерекше. 90-жылдары сөреде тұрған кітап пен қазіргі гаджет, жасанды интеллект дәуірін салыстыра қарасақ, кітап оқудың маңызы тіпті арта түскенін аңғарамыз. Өйткені, біз өз болашағымызды сақтап қалуымыз керек. Руханияттың өзегі – кітап. Осы құндылықты келесі ұрпаққа жеткізу – біздің басты міндетіміз. Бүгінгі жас буынға кітаптың қадірін, оқу мәдениетін, кез келген ілім мен білімнің бастауы кітаптан басталатынын түсіндіру – ортақ жауапкершілік. Бұл – болашақ алдындағы аманат», – дедіол. 

Сонымен қатар мерекенің арнайы қонағы Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат», «Барыс» ордендерінің иегері, Жазушылар одағының мүшесі,  жазушы Досжан Сәуле Мағазбекқызыкітапханашыларды кәсіби мерекелерімен құттықтады. Өз сөзінде кітаптың адам өміріндегі маңыздылығына тоқталып, өз балалық шағынан мысал келтіре отырып сүйіспеншілігін жеткізді. «Менің бар өмірім де, бар байлығым да, бар мақсатым да – кітап», — дейді қаламгер. 

Жазушы Есболат Айдабосын да құттықтау сөзін айтып,  Сәуле Мағазбекқызының «Бала шақтан – болашаққа»кітабы негізінде өткен облыстық эссе байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімін ашты. 11 ауданнан 27 қатысушы эссе жазып, өзара бақ сынаған болатын. Додалы тартыстың нәтижесінде ІІІ орын – Мақсатқызы Айару, ІІ орын – Сайфуллина Ұлболсын, І орын – Бахтиярұлы Естай, ал бас жүлде Серік Айшаға бұйырды. Жеңімпаздарға ақшалай сыйлықтар табысталып, жазушының қолтаңбасы қойылған кітаптар берілді.  

Бағдарлама аясында қаламгерлермен кездесулер өтті. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сәуле Досжан оқырмандармен пікір алмасып, әдебиеттің қоғамдағы рөліне тоқталды. Оның айтуынша, кітап – адамның дүниетанымын қалыптастыратын негізгі құрал.

Жазушы Есболат Айдабосынның «Ит тірлік» кітабының таныстырылымы өтті. Сонымен қатар Алаштанушы Елдос Тоқтарбаймен кездесу ұйымдастырылды. Бұл кездесулерде кітаптың тарихи сана мен ұлттық құндылықтарды сақтаудағы маңызы кеңінен қозғалды.  

Мерекелік шара барысында марапатталғандардың қатарында Қонаев қалалық кітапхана басшысының міндетін атқарушы Айгүл Ақтанова да болды. Ол өз сөзінде кітапханашылар еңбегінің маңызына арнайы тоқталды.

– Кітапханашылар – руханияттың интеллигенциясы. Сондықтан кәсіби мерекеміздің Ұлттық кітап күнімен ұштасқаны біз үшін үлкен мәртебе. Дәрежемізді осы айтулы күнмен қатар қойып, құрмет көрсетіп отырған басшылыққа алғысымды білдіремін, – деді ол.

Айгүл Ақтанова Қонаев қалалық кітапханасының жаңғырту жұмыстары туралы да нақты айтып өтті. Оның сөзінше, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамаларын қолдау аясында, Алматы облысының әкімдігі, Мәдениет басқармасы және қала әкімдігінің қолдауымен кітапхана өңірде алғашқылардың бірі болып жаңғыртудан өткен.

– Бүгінде біз жасанды интеллект пен цифрландыру бағытында жүйелі жұмыс жүргізіп келеміз. Негізгі мақсатымыз – жастарды кітапханаға тарту, олардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, – деді ол.

Осы бағытта кітапханада электронды кітапхана жүйесі енгізілген.

– Жас оқырмандар өздері таңдаған кітаптың қай бөлімде, қай қорда, қай сөреде орналасқанын дербес анықтап, өзін-өзі қызмет көрсету мүмкіндігіне ие, – деді кітапхана басшысы.

Сонымен қатар мекемеде BookTok аймағы ашылған.

– Қазіргі жастардың басым бөлігі TikTok платформасын белсенді қолданатынын ескеріп, кітап оқу мен заманауи форматты ұштастыруға басымдық бердік. Арнайы фотозоналар да қарастырылған, – деді ол.

Айгүл Ақтанова кітапханадағы жағдайға да тоқталды.

– Кітапханада тегін Wi-Fi желісі, жайлы демалыс аймақтары, ноутбук пен планшеттер қолжетімді. Ең бастысы – мұнда сенімді әрі тексерілген ақпарат ұсынылады. Интернетте жалған деректер жиі кездесетіндіктен, біз ұлттық энциклопедиялар, ресми басылымдар мен сөздіктер арқылы оқырманға нақты әрі сапалы мәлімет беруді қамтамасыз етіп отырмыз, – деді ол.

Сонымен қатар ол енгізілген жаңашылдықтардың нақты нәтижесін атап өтті.

– Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде былтырмен салыстырғанда 18–21 жас аралығындағы оқырмандар саны үш есеге артты, – деді Айгүл Ақтанова.

Кітапхана жұмысының ұйымдастырылуына қатысты да өзгерістер бар.

– Қазіргі уақытта кітапхана пилоттық жоба аясында жұмыс уақытын кеңейтті. Біз таңғы сағат 8:00-ден кешкі 20:00-ге дейін қызмет көрсетеміз. Сенбі күні де түскі үзіліссіз жұмыс істейміз, – деді ол.

Сонымен қатар кітапхана ұжымы алдағы бастамаларға да ашық екенін жеткізді.

– Алдағы уақытта 24/7 форматында жұмыс істеу жобасы қолға алынатын болса, біз оны қолдауға дайынбыз, – деді Айгүл Ақтанова.

Кітапхана қызметін жаңғырту бағытындағы жоспарлар айтылып, алдағы бастамалар белгіленген шара мазмұнды кездесулермен жалғасып, Ұлттық кітап күніне орай ұйымдастырылған концерттік бағдарламамен қорытындыланды.

​​​​​​​​​НазеркеИнақынқызы

Ұқсас мақалалар | Статьи по теме

Жаңалықтар | Новости

instagram
@nurlyolke