Алматы облысының орталығы саналатын Қонаев қаласы соңғы жылдары қарқынды дамудың жаңа кезеңіне өтті. Құрылыс көлемі ұлғайған сайын тұрғын үйді басқарумәселесі де алдыңғы қатарға шықты. Көпқабатты үйлер көбейген сайын ескі сұрақтар да өткірлене түсуде: үйді кім және қалай басқарады, тұрғын мен басқарушы ұйым арасындағы сенім қай деңгейде, ал ең бастысы – бұл жүйе шынымен тұрғынға қызмет ете ме?
Осы түйткілді сұрақтар «AMANAT» партиясының «TURGYNDAR AMANATY» жобасы аясында өткен «Үйді басқару: жауапкершілік, сенім, нәтиже» атты форумда жан-жақты қаралды. Жиын барысында саладағыөзекті мәселелер ашық айтылып, оларды шешудіңтетіктері нақты ұсыныстармен толықты.
Форумға қатысқан «AMANAT» партиясының ХатшысыЕржан Жылқыбаев жобаның басты мақсаты көппәтерлітұрғын үйлерге қатысты мәселелерді ретке келтіру екенінатап өтті. Оның айтуынша, бұл бағыттағы жұмыс жүйелісипат алуы тиіс. МИБ пен ПИК төрағаларын кәсібитұрғыда дайындау, тұрғындармен байланыс арналарыныңтиімділігін арттыру, әкімдіктермен үйлесімді жұмысжүргізу, аулаларды абаттандыру және «Халық қатысатынбюджет» тетігін кеңінен қолдану – осының барлығы ортақміндеттің құрамдас бөлігі. Бұған дейін бірқатар өңірдежүзеге асқан тәжірибе нақты нәтижесін көрсетті. Мәселен, Астана қаласында ашылған фронт-офис қысқауақыт ішінде ондаған өтінішті қабылдап, олардың басым бөлігі бойынша түсіндіру және бағыт-бағдар берілген.
Облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев тұрғын үй-коммуналдықшаруашылығының маңызына тоқталып, бұл саланыңтұрғындардың күнделікті тұрмысымен тығыз байланыстыекенін айтты. Соңғы жылдары өңірде жүздеген жаңатұрғын үй кешендері пайдалануға берілді. Бұл жағдайбасқару жүйесіне қойылатын талаптарды күшейтті. Басқарушы ұйымдардың қызметі айқын әрі түсініктіболуы қажет. Қаржының жұмсалу тәртібі ашықкөрсетілген жағдайда ғана тұрғындардың сенімі нығаяды. Үйді басқару ісі ұйымдасқан, кәсіби деңгейдежүргізілгенде ғана нәтижелі болмақ.
Форум барысында сала мамандары нақты мәселелердікөтерді. Іле ауданы Өтеген батыр ауылындағы «Спорт» пәтер иелері кооперативінің төрағасы Зарина Абибоватұрғын үй қорындағы инженерлік желілердің тозуы, арнайы техниканың жетіспеуі, коммуналдық берешекжәне құқықтық реттеуді қажет ететін бірқатартүйткілдерге назар аударды. Қарызы бар пәтерлерді сату кезінде туындайтын қиындықтар мен жатақханалардыесеп жүйесіне енгізу мәселесі де өзекті күйінде қалыпотыр. Бұл мәселелерді кезең-кезеңімен шешу қажеттігіайтылды. Инженерлік инфрақұрылымды жаңарту, қызметкөрсетуші ұйымдарға қолдау көрсету және басқарушықұрылымдардың жұмысын үйлестіру бағытындағыұсыныстар да ортаға салынды.
Жиында соңғы уақытта орын алған табиғи жағдайлардыңсалдары да сөз болды. Қонаев қаласында болған күштіжел бірқатар тұрғын үйлердің шатырын зақымдап, электржелілеріне нұқсан келтірген. Осындай жағдайда «ЖастарРухы» ұйымының белсенділері тазалық және қалпынакелтіру жұмыстарына қатысып, тұрғындарға көмеккөрсеткен. Олар аулаларды тазалап, құрылысқалдықтарын жинауға атсалысқан. Бұл бастама тұрғындартарапынан оң бағаланды.
Форумның жұмысы мобильді қоғамдық қабылдауалаңында жалғасты. Бұл жерде тұрғындар өздерінтолғандырған мәселелерді тікелей жауапты мамандарғажеткізді. Қабылдауға тұрғын үй-коммуналдықшаруашылығы саласының өкілдері, полиция қызметкерлері, санитариялық-эпидемиологиялық қызметмамандары, салық органдары, «Алатау ЖарықКомпаниясы» өкілдері, сондай-ақ заңгерлер мен прокуратура қызметкерлері қатысты. Көтерілген сұрақтаркоммуналдық төлемдерге, қауіпсіздікке, абаттандыруғажәне құқықтық мәселелерге қатысты болды. Әрбір өтінішбойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, тиісті шешужолдары ұсынылды.
Форумда айтылған пікірлер мен ұсыныстар тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын басқаруда жүйеліөзгерістер қажет екенін аңғартты. Басқару сапасынарттыру, ашықтықты қамтамасыз ету және тұрғындарменөзара сенімді нығайту алдағы кезеңдегі негізгіміндеттердің бірі ретінде айқындалды.
Ерлік Кебекбай

