Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау жүйесін жетілдіру бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізуде.
Негізгі мақсат – адамның нақты қажеттіліктеріне бағдарлана отырып, оңалтудың сапасын, қолжетімділігін және тиімділігін арттыру.
Ағымдағы жылдың сәуір айында бұйрыққа өзгерістер енгізіліп, әлеуметтік қызметтер порталы арқылы мүгедектігі бар адамдарға ұсынылатын оңалтудың техникалық құралдарының (ОТҚ) құнын өтеу ретінде берілетін кепілдендірілген соманы айқындау әдістемесі қайта қаралды.
Бұрын кепілдендірілген соманы айқындау алдыңғы қаржы жылы бойынша бағаның орташа мәні туралы үш дереккөз негізінде комиссиямен жүргізілетін – әлеуметтік қызметтер порталының деректері, мемлекеттік сатып алу деректері және әлеуетті жеткізушілердің коммерциялық ұсыныстары негізінде.
Жаңа әдістемеде кепілдендірілген сома әлеуметтік қызметтер порталының және электрондық дүкеннің деректерін ескере отырып есептелетін болады.
Осыған байланысты, тауарлардың нарықтық құны бойынша электрондық сауда алаңдарының агрегатталған деректерін алу үшін әлеуметтік қызметтер порталын Қаржы министрлігінің цифрлық жүйелерімен интеграциялау жүргізілуде.
Алдағы уақытта алынған нақты нарықтық деректер негізінде цифрлық платформалар арқылы кепілдендірілген соманы қолмен араласусыз автоматты түрде қалыптастыру жоспарлануда. Бұл ашықтықты, объективтілікті және бірыңғай тәсілді қамтамасыз етеді.
Күтілетін негізгі нәтижелер:
• ОТҚ құнын қалыптастыру процесін толық цифрландыру;
• адам факторын және субъективтілікті болдырмау;
• әділ баға қалыптастыруды қамтамасыз ету;
• бюджет қаражатын ұтымды пайдалану.
Бұл ретте мемлекет мұқтаж азаматтарды сапалы ОТҚ-мен қамтамасыз ету үшін негізсіз шығындарды жоюда екенінатап өткен жөн.
Босатылатын қаражат жүйені дамытуға бағытталады, оның ішінде оңалтудың тиімділігі мен қалпына келужылдамдығын арттыратын заманауи, технологиялық жәнеқымбат құралдарды енгізуге жұмсалады.
Қосымша хабарлаймыз, жаңа тәсілдер әлеуметтік қорғаусаласын дамыту жөніндегі ұлттық ғылыми орталық арқылыіске асырылуда – бұл халықты әлеуметтік қорғау саласындазаманауи шешімдер пысықталатын және енгізілетінмамандандырылған алаң.
Сондай-ақ, ағымдағы жылы ғылыми орталық арқылыОТҚ-ны қайтару тетігінің пилоттық жобасы іске қосылады.
Бұл тетік тек қауіпсіз қайта пайдалануға болатын ОТҚ түрлеріне ғана қолданылады және жеке пайдалануға арналғанқұралдарға (мысалы, жөргектер, протездер және т.б.) қолданылмайды.
Аталған тетік, мысалы, жөндеу кезеңінде немесеуақытша қажеттілік туындағанда (ОТҚ жеткізілімін күтукезінде) ұзақ рәсімдерді күтпей-ақ адамды ОТҚ-мен жеделқамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, әлеуметтік-техникалық сараптамақызметі енгізілуде, ол шешімдерді формалды мерзімдергеемес, ОТҚ-ның нақты техникалық жағдайына және адамныңжеке қажеттіліктеріне негіздеп қабылдауға мүмкіндік береді. Бұл шешімдердің негізділігін арттырып, алушылардыңмүдделерін қорғайды.
Осылайша, ОТҚ-ны қайтару тетігін енгізудің күтілетіннәтижелері:
1. ОТҚ қолжетімділігін арттыру, күту мерзімдерінқысқарту;
2. бюджет қаражатын тиімді пайдалану;
3. ресурстарды ұтымды пайдалану;
4. ОТҚ пайдалану мерзімін ұзарту;
5. ОТҚ-ның техникалық жай-күйі мен тиімділігінмониторингтеу жүйесін қалыптастыру;
6. ОТҚ-мен қамтамасыз ету жүйесінің ашықтығы мен басқарылуын арттыру.
Өзгерістердің негізгі мәні – әлеуметтік қорғау жүйесініңқолжетімділігін, оңалту сапасын арттыру, сондай-ақ оныңұтымдылығы мен әділдігін қамтамасыз ету.
Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу жәнебақылау комитетінің Алматы облысы бойыншадепартаментінің халықты әлеуметтік қорғау саласындағыбақылау бөлімі

