БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

БІРІНШІ БАКУ ТҮРКОЛОГИЯ ҚҰРЫЛТАЙЫНЫҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН БАСЫЛЫМДАРДЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ

Өту мерзімі:      22 мамыр 2026 жыл, сағат 16:30

Өту орны:      Н.Дәулетова атындағы зал,

  ​​   Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы

                         (Абай даңғылы, 14, Алматы қаласы, Қазақстан Руспубликасы)

Жоба ұйымдастырушылары:

Түркі мәдениеті мен мұрасы қоры,

Қазақстан Респуьликасының Ұлттық кітапханасы

Түркі мәдениеті және мұрасы қоры (бұдан әрі – Қор) Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасымен бірлесе 2026 жылғы 22 мамыр күні сағат 16:30-да Ұлттық кітапхананың Назира Дәулетова атындағы залында ХХ ғасыр басындағы түркі дүниесінің рухани-мәдени өміріндегі ең ірі әрі тағдыршешті тарихи оқиғалардың бірі саналатын «Бірінші Баку түркология Құрылтайының 100 жылдығына» арналып, Қор тарапынан жарық көрген іргелі ғылыми еңбектердің тұсаукесер рәсімін өткізеді.

Түркі әлемінің белгілі ғалымдары мен халықаралық және отандық ұйымдардың өкілдерін біріктірген бұл іс-шара аясында түркі дүниесінің ортақ тарихи жадын, ғылыми сабақтастығын және рухани тұтастығын айшықтайтын екі маңызды еңбек көпшілік назарына ұсынылады.

Алғашқысы – Әзербайжандағы Ататүрік орталығының директоры, академик, профессор, филология ғылымдарының докторы Низами Джафаров, белгілі ғалымдар Махира Гусейнова мен Айсель Гариблидіңавторлығымен жарық көрген «Бірінші түркологиялық Құрылтай» атты ғылыми еңбек. Кітапта 1926 жылы Баку қаласында өткен Құрылтайдың тарихи миссиясы мен түркі халықтарының мәдени-ғылыми дамуындағы айрықша орны жан-жақты сараланып, этнография, орфография, терминология, әліпби, тіл, әдебиет, мәдени мұра және өлкетану мәселелері терең ғылыми талдау нысанына айналған.

Сонымен қатар Қордың Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетімен бірлесе әзірлеген «1926/2026: Бірінші Баку түркология Құрылтайының 100 жылдығы» атты бейнедеректер шежіресі де таныстырылады. Әзербайжанның Ұлттық тарих музейі мен Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік архиві қорларында сақталған тарихи құжаттар негізінде дайындалған бұл жинаққа ресми хаттамалар, сирек фотоқұжаттар, ғылыми пікірлер мен баяндамалар енген. Онда Құрылтай барысында түркі халықтарының 

тарихын зерттеу, тіл білімін дамыту, ғылыми терминологияны жүйелеу, жаңа әліпби мен орфография, материалдық және материалдық емес мәдени мұраны сақтау мәселелерін біріздендіру бағытында көтерілген өзекті мәселелер кеңінен көрініс тапқан. Бұл – түркология ғылымының институционалдық қалыптасу кезеңін бейнелейтін құнды тарихи мұра.

Ұсынылып отырған еңбектер 1926 жылғы Құрылтайдың тек ғылыми пікір алмасу алаңы ғана емес, күллі түркі халықтарының ортақ мәдени болашағын айқындауға бағытталған зияткерлік серпілістің, рухани жаңғырудың және өркениеттік бірлікке ұмтылыстың символы болғанын терең танытады.

Құрылтай жұмысына қатысқан 130 делегаттың қатарында қазақ халқының көрнекті зиялылары – Ахмет Байтұрсынов, Нәзір Төреқұлов, Елдес Омаров, Біләл Сүлеев сынды біртуар тұлғалар болды. Олар күн тәртібіндегі негізгі мәселелерді талқылауға белсене қатысып, түркология ғылымының болашақ даму бағытын айқындауға өлшеусіз үлес қосты. Олардың ғылыми мұрасы кейінгі кезеңдегі қазақ тіл білімінің дамуына, әдебиеттану ғылымының өркендеуіне, білім беру мен әдістемелік реформалардың қалыптасуына берік негіз болды. Ұлт руханиятының өркендеуіне қызмет еткен бұл баға жетпес мұра бүгінде Қазақстан үшін ғана емес, тұтас Түркі әлемінің ғылымы мен мәдениеті үшін ортақ қазына ретінде бағаланады.

«Түркі мәдениеті және мұрасы» қоры 2025 жылғы 67 қазан күндері Габала қаласында өткен Түркі Мемлекеттері Ұйымы Мемлекет басшыларының XII Саммитінде Бірінші Бүкілодақтық Түркітану Съезінің 100 жылдық мерейтойын 2026 жыл ағымында бауырлас түркі мемлекеттерінде кең көлемде атап өту жөніндегі тапсырмасына сәйкес Әзербайжанда, Қазақстанда, Қырғызстанда, Түркияда және басқа да мемлекеттерде бірқатар жүйелі жұмыстар жүргізіп келеді.

Солардың қатарында Түркі академиясы, ТҮРКСОЙ, Түрік тілі қоғамдастығы, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті және Баку мемлекеттік университетімен бірлесе 2026 жылғы 2122 мамыр күндері Алматы қаласында «Бірінші Баку түркология Құрылтайының мұрасы және ХХІ ғасырдағы Түркі әлемі» атты халықаралық түркология конференциясын өткізеді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Орталық ұлттық музейінде «1926/2026: Бірінші Баку түркология Құрылтайының 100 жылдығы» тақырыптық экспозициясын ашады.


Байланыс ақпараттары:

+7 705 802 20 58 (Серік Нұрмолда, Түркі мəдениеті жəне мұрасы қорының өкілі) 

+7 700 573 30 11 (Құралай Мұратқызы, PR-менеджер)
____________________ (Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы өкілі)

Предыдущая статья
PRESS RELEASEPRESENTATION OF PUBLICATIONS DEDICATED TO THE 100TH ANNIVERSARY OF THE FIRST BAKU TURKOLOGICAL CONGRESSDate: May 22, 2026, 4:30 PMVenue: Nazira Dauletova Hall, National Library of the Republic of Kazakhstan(14 Abay Avenue, Almaty, Republic of Kazakhstan)Organizers:Turkic Culture and Heritage Foundation, National Library of the Republic of KazakhstanThe Turkic Culture and Heritage Foundation (hereinafter — Foundation), jointly with the National Library of the Republic of Kazakhstan, will hold a presentation ceremony of fundamental scholarly publications dedicated to the 100th anniversary of the First Baku Turkological Congress on May 22, 2026, at 4:30 PM in the Nazira Dauletova Hall. The Congress is regarded as one of the most significant and historic events in the spiritual and cultural life of the Turkic world in the early twentieth century. The event, bringing together prominent scholars of the Turkic world as well as representatives of international and national organizations, will present two important publications reflecting the shared historical memory, scholarly continuity, and spiritual unity of the Turkic peoples.The first publication is the scholarly work “The First Turkological Congress”, authored by the Director of the Atatürk Center in Azerbaijan, Academician, Professor, Doctor of Philological Sciences Nizami Jafarov, together with distinguished Azerbaijani scholars Mahira Huseynova and Aysel Garibli. The book comprehensively examines the historical mission of the Congress held in Baku in 1926 and its exceptional role in the cultural and scientific development of the Turkic peoples. Particular attention is devoted to issues of ethnography, orthography, terminology, alphabet, language, literature, cultural heritage, and regional studies, all of which became subjects of profound scholarly analysis.The event will also feature the presentation of the visual documentary chronicle “1926/2026: The 100th Anniversary of the First Baku Turkological Congress”, prepared by the Foundation in cooperation with Al-Farabi Kazakh National University. The publication is based on historical documents preserved in the collections of the National Museum of History of Azerbaijan and the Central State Archives of the Republic of Kazakhstan. The volume includes official protocols, rare photographic materials, scholarly opinions, and reports reflecting the key issues discussed during the Congress, including the study of the history of Turkic peoples, the development of linguistics, the systematization of scientific terminology, questions of the new alphabet and orthography, as well as the preservation of tangible and intangible cultural heritage.
Следующая статья

Ұқсас мақалалар | Статьи по теме

Жаңалықтар | Новости

instagram
@nurlyolke