Өмірбаян

Мен, Жандос Оралбекұлы Манеев 1992 жылы 24 сәуірде Оңтүстік Қазақстан облысы, Кентау қаласында дүниеге келдім. Қазақстан Республикасының азаматымын, ұлтым – қазақ.

Білімім қаржы, құқық және құрылыс салаларын қамтиды. Т. Рысқұлов атындағы экономикалық колледжді «Қаржы» мамандығы бойынша тәмамдап, кейін Т. Рысқұлов атындағы Жаңа экономикалық университетінде жоғары білім алғанмын. Сонымен қатар құқықтану және құрылыс салалары бойынша да жоғары оқу орындарын бітірдім.

Еңбек жолым 2012 жылы бастадым. Әр жылдары жеке және квазимемлекеттік секторларда түрлі жауапты қызметтер атқардым. Басшылық қызметтерде жұмыс істей отырып, басқару, инфрақұрылым, телекоммуникация және коммуналдық шаруашылық салаларында мол тәжірибе жинақтадым.

2012 -2015 жылдары ЖШС «АЛАТРАК» компаниясында логист, бөлім басшысы және директордың орынбасары болып жұмыс атқардым. 

2015-2018 жылдар аралығында АҚ «Алатау Жарық Компаниясы» энергетика секторының бас маманы болып, бөлім басшысы ретінде жұмыс жасадым. 

2018-2021 жылдары ЖШС «Facility Management Group» Бөлім басшысы және директордың орынбасары қызметтерін атқардым.

2021-2023 жылдар аралығында АО «Казахтелеком» компаниясында желіні дамытуға қатыстым. Қызмет атқарған жылдары жоба менеджері және де бас бизнес талдаушысы болдым.  

2023-2024 жылдары ЖШС «Управляющая компания Индустриальных зон Алматинской области» ұйымында индустриялық аймақтарда инфрақұрылымды дамыту  қызметінің басшысы ретінде жұмыс жасадым.

2024 жылдың мамыр айынан бастап  «Қонаев тұрғын үй» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры қызметін атқардым. Қала аумағындағы абаттандыру, жолдарды күтіп ұстау, көше жарығы, коммуналдық қызметтер және тұрғындар үшін қолайлы орта қалыптастыру бағытындағы жұмыстарға жетекшілік еттім.

2026 жылдың сәуір айынан бастап Шеңгелді ауылдық округі әкімінің орынбасары қызметін атқарудамын. Елді мекендерді дамыту, тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсарту, ауыл инфрақұрылымын жаңғырту және халықпен ашық әрі тиімді байланыс орнату бағытындағы жұмыстарды басты назарда ұстаймын.

ШЕҢГЕЛДІ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІНЕ ҮМІТКЕР

МАНЕЕВ ЖАНДОС ОРАЛБЕКҰЛЫНЫҢ

САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ

Әділдік пен ашықтық – басты қағидам!

Құрметті Шеңгелді ауылдық округінің тұрғындары!
Қадірменді сайлаушылар!

Мен, Манеев Жандос Оралбекұлы, 2026 жылдың                                     7 маусымында өтетін Шеңгелді ауылдық округі әкімі сайлауына қатысу туралы шешім қабылдадым.

Кандидат ретінде сайлауға «AMANAT» партиясынан ұсынылдым.

Сайлауға қатысудағы  мақсатым – Шеңгелді ауылдық округінің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қоса отырып, халықтың өмір сапасын жақсарту үшін еңбек ету.  

Тарихы терең Шеңгелді өңірінде еліміздің игілігіне қызмет ету мен үшін үлкен құрмет және зор жауапкершілік. Бұл жолда аянбай еңбек етуге дайынмын. 

Менің сайлауалды бағдарламам округтің өзекті мәселелеріне негізделген және 7 негізгі бағытты қамтиды:

1) Округ экономикасын дамыту және бюджеттік әкімшілендіру;

2) Ауыл шаруашылығы мен жеке қосалқы шаруашылықты дамыту;

3) Кәсіпкерлікті дамыту және жұмыспен қамту;

4) Инфрақұрылым: су, газ, жол және жарық;

5) Әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту;

6) Қоғамдық қауіпсіздік және цифрландыру;

7) Абаттандыру және өмір сапасын арттыру.

1. Округ экономикасын дамыту және бюджеттік әкімшілендіру

Округтің тұрақты дамуы тиімді бюджет басқарудан басталады.

• Бюджеттік әкімшілендіру сапасын арттыру мақсатында ИСНА ақпараттық жүйесін енгізу қолға алынады; 

• Салықтық түсімдерді дұрыс бөлу және ауылдық бюджетке уақытылы аудару қамтамасыз етіледі; 

• Бейресми экономиканы қысқарту арқылы кіріс көздері ұлғайтылады; 

• Инвесторларды тарту арқылы шағын өндірістер мен қызмет көрсету нысандары ашылады. 

2. Ауыл шаруашылығы мен жеке қосалқы шаруашылықты дамыту

Шеңгелді округі – аграрлық әлеуеті жоғары аймақ. Бірақ бірқатар жүйелі мәселелер бар.

Негізгі шаралар:

• Жайылым тапшылығын (10 мың га) шешу үшін пайдаланылмай жатқан жерлерді қайтару; 

• Суармалы егіншілікті дамыту: 

o №2, №3, №4 сорғы станцияларын жаңғырту; 

o Қарыз мәселелерін кезең-кезеңімен реттеу; 

• Кербұлақ, Сарыбұлақ, Қосқұдық ауылдарында суару суы мен арық жүйесін дамыту

• Тамшылатып және жаңбырлатып суару технологияларын енгізу; 

• Шаруаларға жеңілдетілген несие мен субсидия алуға қолдау көрсету; 

• 2000 тонна пияз өнімін өткізу мәселесін шешу үшін өткізу нарықтарын ұйымдастыру және кооперация құру

• Балық шаруашылығын дамыту. 

3. Кәсіпкерлікті дамыту және жұмыспен қамту

• Бейресми жұмыспен қамтылған азаматтарды заңдастыру; 

• Жаңа бизнес жобаларға мемлекеттік гранттар мен жеңілдетілген несиелер алуға қолдау; 

• Кәсіпкерлікке оқыту және қайта даярлау курстарын ұйымдастыру; 

• Жаңа жұмыс орындарын ашу; 

• Округте ҚР банктерінің банкоматын орнату мәселесін шешу

• Сауда және қызмет көрсету инфрақұрылымын дамыту. 

4. Инфрақұрылым: су, газ, жол және жарық

Ауыз су және арық жүйесі

• Шеңгелді, Кербұлақ, Сарыбұлақ, Қосқұдық ауылдарында арық жүйелерін бетон науалармен жаңғырту; 

• Суару инфрақұрылымын толық қалпына келтіру. 

Газдандыру

• Округті газбен қамту бойынша жобаларды іске асыру және қаржыландыру тарту. 

Жолдар

• Шеңгелді ауылдық округі бойынша 9,12 км жолды жөндеу

• Ішкі жолдардың сапасын кезең-кезеңімен жақсарту. 

Көшелерді жарықтандыру

• 88 көшенің тек 26-сы жарықтандырылғанын ескере отырып: 

o барлық көшелерді қамтитын толық жарықтандыру жобасын іске асыру. 

5. Әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту

Білім беру

• Қ. Жалайыр атындағы №6 мектепке қосымша корпус салу; 

• №6 (Шеңгелді), №7 (Кербұлақ), №8 (Сарыбұлақ) мектептеріне күрделі жөндеу жүргізу; 

• Материалдық-техникалық базаны жаңарту. 

Денсаулық сақтау

• Ауылдарда медициналық пункттердің заманға сай құралдармен жабдықталуын қамтамасыз етуді ұйымдастыру; 

• Медициналық қызметтердің қолжетімділігін арттыру. 

Мәдениет

• Шеңгелді ауылындағы Мәдениет үйін күрделі жөндеу. 

6. Қоғамдық қауіпсіздік және цифрландыру

• Округте бейнебақылау жүйесін енгізу, 100 ден аса камера орнату; 

• Қоғамдық орындарға камералар орнату; 

• Қылмыстың алдын алу және қауіпсіз ортаны қалыптастыру. 

7. Абаттандыру және өмір сапасын арттыру

Спорт және балалар инфрақұрылымы

• Шеңгелді, Кербұлақ, Сарыбұлақ, Қосқұдық ауылдарында қажетті спорт және балалар алаңдарын салу. 

Экология

• Қатты тұрмыстық қалдықтарды басқару жүйесін реттеу; 

• Қоқыс алаңдарын талапқа сәйкестендіру. 

Қолайлы орта

• Ерекше қажеттілігі бар азаматтарға бейімделген инфрақұрылым қалыптастыру. 

Құрметті Шеңгелді ауылдық округі тұрғындары!

Бұл бағдарлама – нақты мәселелерді шешуге бағытталған, шынайы әрі жүзеге асырылатын жоспар.

Егер мен Шеңгелді ауылдық округінің әкімі болып сайлансам, басты мақсатым — округтің кешенді дамуына үлес қосу және әрбір тұрғынның өмір сүру сапасын жақсарту болмақ.

Менің сайлауалды бағдарламаммен танысып, 7 маусымда Шеңгелді ауылдық округінің гүлденуі үшін өз дауысыңызды беруге шақырамын!

Шеңгелді ауылдық округін бірге дамытайық!

​​​​​​

Үгіт материалды шығарған ұйым: «Қапшағай тынысы» ЖШС,  Қонаев қаласы. Таралымы 5135 дана. Тапсырыс беруші: Ж.О.Манеев —  Шеңгелді ауылдық округі әкіміне кандидат. 

Материалдар жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылды.

Ұқсас мақалалар | Статьи по теме

Жаңалықтар | Новости

instagram
@nurlyolke