Жуырда ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жасандыинтеллектті орта білім беру жүйесіне енгізу шараларытуралы Жарлыққа қол қойды Мақсаты – жасандыинтеллект жедел дамып келе жатқан кезеңде ҚазақстанРеспубликасының өркендеуін қамтамасыз етіп, адамикапиталды ілгерілетуге үлес қосатын заманауи, инновациялық білім беру жүйесін қалыптастыруға жағдайжасау. Мемлекет басшысының бұл игі бастамасы – білімберу саласын цифрландыру мен жаңғырту бағытындажасалған маңызды қадам.
Елімізде білім саласын жаңа деңгейге көтеругебағытталған стратегиялық бастама ретінде бағаланыпотырған құжатқа байланысты қолға алынатын шараларуақыт талабына сай оқушылардың цифрлықсауаттылығын арттыруға, мұғалімдердің жұмысынжеңілдетуге септігін тигізетіні анық. Цифрлық құралдарсабақтың сапасын арттырып қана қоймай, оқушыныңқызығушылығын оятып, білімді тәжірибеменұштастыруға, ғылыми ұғымдарды тереңірек меңгеругежәне зерттеушілік қабілетін дамытуға мүмкіндік береді.
Бүгінде еліміздегі білім беру мекемелері жасандыинтеллект технологияларын енгізу жұмысы кезең-кезеңмен жүргізілуде.. Бұл үрдістен облысорталығындағы Д. Қонаев атындағы қазақ орта мектебі де шет қалмай, жүйелі жұмыстарды қолға алынуда. Соныңбірі – «EduAI» педагогикалық жобасы. Жоба аясындамұғалімдерге жасанды интеллект құралдарын пайдаланубойынша тренингтер, практикалық семинарлар, ашықсабақтар өткізіледі. Сонымен бірге дарындыоқушылардың қабілетін тереңдету мақсатындағы«STEAM-сағат» мектепішілік шарасы кем дегенде айынабір мәрте ұйымдастырылады. Қуат Байтұрсынов, Малика Ережеп, Диана Құттыбек, Әлия Оман, ГүлмайраСағынаева, Балнұр Исахова, Салтанат Бегімбетова сындымектеп мұғалімдерінің жаңашыл идеялары өзгеәріптестеріне үлгі болуда. Бұл мұғалімдер жақындақалалық білім бөлімі ұйымдастырған «Smart TeacherQonaev» жобасы аясында «STEAM білім беру жәнежасанды интеллект» атты ашық алаңда заманауи цифрлықмүмкіндіктерді пайдалана отырып, сабақ өткізіп, тәжірибелерін бөлісті. Қаланың әр мектебінен келгенәріптестері олардың сабағын жоғары бағалап, жылылебіздерін білдірді.
Бүгінде білім беру саласын жетілдіруде цифрлықплатформалар ерекше рөл атқарады. Білім – ұлтболашағының берік іргетасы болса, STEАM мен жасандыинтеллект – сол іргетасты нығайтатын заманауи құрал. Осы орайда білім мен ғылым дәуірінде өскелең ұрпақтыуақыт талабына сай тәрбиелеу үшін ең алдыменмұғалімнің өзі заманауи технологияларды тиімді қолданаалуы қажет. Сондықтан мектеп мұғалімдері сабақбарысында оқу үдерісін жандандыратын құралдардытиімді қолдануға тырысуда. Тапсырмаларды жасандыинтеллектінің көмегімен түрлі әдістерді қолдану арқылықұрастырады. Мәселен, вайбкодинг тәсілі арқылыинтернетпен де, интернетсіз де жұмыс істейтін оқуойындарын дайындап, Zapworks платформасынпайдаланып, жұптық жұмыс ұйымдастырады. Заманауиплатформаларды сабақта қолдану, оқушылардыңбелсенділігі күшейтіп, сабаққа қызығушылығын арттыруда. Сонымен қатар цифрлық платформалароқушының білім деңгейін саралап, әлсіз тұстарынанықтауға көмектеседі. Бір сөзбен айтқанда, мұғалімдерүшін жасанды интеллекттің пайдасы зор.
Президент тапсырмасын орындау бағытында алдағыуақытта жасанды интеллект мүмкіндіктерін оқу-тәрбиеүдерісінде тиімді пайдалану арқылы оқушылардыңбілімге қызығушылығын арттырып, бәсекеге қабілеттіұрпақ тәрбиелеуге күш саламыз.
Салтанат ДОСАНБАЕВА,
Д.Қонаев атындағы №1 қазақ орта
мектеп директорының
әдістеме ісі жөніндегі орынбасары

