Вторник, 30 апреля, 2024

Басқада

Қазақстанда сайлауға дейінгі тыныштық күні басталды

18 наурыз Мәжіліс пен мәслихаттар депутаттарын сайлау қарсаңында тыныштық күні болып жарияланды. Бұл күні кез келген үгіт-насихат заңсыз болып есептеледі, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сайлау алдындағы үгіт-насихат 18 ақпанда сағат 18.00-де басталып, 18 наурыз күні сағат 00.00-ге дейін жалғасты.Осы күні жасалған кез келген үгіт-насихат жұмысы заң бойынша жазаланады.

Еске салайық, Қазақстанда Мәжіліс және мәслихат депутаттарын сайлау 2023 жылғы 19 наурызда өтеді. Мәжіліс 98 депутаттан тұрады (бұған дейін 107 еді), оның 69-ы партиялық тізім бойынша, ал 29-ы бір мандатты округтер арқылы таңдалады.

Сайлауға жеті партия Amanat, «Ақ жол», Қазақстан халық партиясы, «Ауыл», Қазақстанның жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы, «Байтақ» және Respublica қатысады.

Жаңалықтар | Новости