Биылғы мемлекеттік гранттар еңбек нарығында кімдергесұраныс жоғары болатынын ашық көрсетті. Үкіметмыңдаған грантты инженерия, IT, педагогика жәнеагросекторға бағыттап отыр. Ал журналистика, құқық пен бизнес секілді танымал мамандықтарға бөлінген орынсаны айтарлықтай аз. Бұл биыл талапкерлер арасындабәсекенің бұрынғыдан да күшейетінін аңғартады.
Нақтылап айтсақ, биыл Үкімет 2026–2027 оқу жылына 89 457 мемлекеттік грант бөлді. Бұл туралы Үкіметотырысында Ғылым және жоғары білім министрі СаясатНұрбек мәлімдеді.
Бөлінген гранттардың:
– 75 371-і бакалавриатқа;
– 11 007-сі магистратураға;
– 3 079-ы докторантураға арналған.
Министрдің айтуынша, мемлекеттік тапсырыс ел экономикасының 2030 жылға дейінгі кадр қажеттілігінеқарай жоспарланған. Яғни қазір бөлініп жатқан гранттар –болашақта қай мамандықтарға сұраныс артатынының да көрсеткіші.
Биыл гранттардың 60 пайызы инженерлік-техникалықжәне ауыл шаруашылығы бағыттарына беріліп отыр. Бұл– мемлекет өндіріс, құрылыс, энергетика, агросектор секілді салаларға басымдық беріп отырғанын аңғартады.
Мәселен, инженерлік, өңдеу және құрылыс салаларына 19 250 грант бөлінген. IT саласына да сұраныс жоғары. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар бағытыбойынша 11 662 грант қарастырылған. Қазірбағдарламалау, цифрлық жүйелер, киберқауіпсіздік, жасанды интеллект секілді салалар еңбек нарығында еңқажет бағыттардың біріне айналып отыр.
Педагогикалық ғылымдарға 13 738 грант бөлінген. Бұл –биылғы ең үлкен көрсеткіштердің бірі. Соңғы жылдарымұғалімдердің жалақысының өсуі мен әлеуметтік қолдаушаралары бұл мамандыққа қызығушылықты қайтаарттыра бастағаны байқалады.
Сонымен қатар:
– жаратылыстану ғылымдары, математика жәнестатистикаға – 9 363;
– ауыл шаруашылығы және биоресурстар бағытына – 3 145;
– денсаулық сақтау саласына – 2 700;
– қызмет көрсету саласына – 2 400;
– өнер және гуманитарлық ғылымдарға – 1 915 грант бөлінген.
Ал журналистика, құқық және бизнес бағыттарынабөлінген грант саны әлдеқайда аз. Мәселен:
– әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпаратсаласына – 1 485;
– бизнес, басқару және құқық бағытына – 1 423 грант қарастырылған.
Бұл мамандықтарға конкурс жоғары болатынын қазірденескерген жөн.
Тағы бір назар аударатын бағыт – ветеринария. Бұл салаға1 275 грант бөлініп отыр. Ауыл шаруашылығы дамыпжатқан ел үшін мұндай мамандарға сұраныс алдағыуақытта да сақталады.
Дегенмен мамандық таңдағанда тек грант санына қарапшешім қабылдау дұрыс емес. Кей талапкер «қайда орынкөп, сонда барамын» деп өзіне мүлде жақын емес саланытаңдап жатады. Бірақ төрт жыл оқыған мамандықпенкейін өмір бойы жұмыс істеу оңай емес.
Қазір еңбек нарығы қатты өзгеріп жатыр. Бұрын«беделді» саналған кей салаларда жұмыс табу қиындаса, техникалық бағыттағы мамандарға сұраныс артып келеді. Сондықтан бүгінгі талапкер тек диплом туралы емес, ертеңгі кәсібі туралы ойлануы керек.
Қазір жоғары оқу орындары мектептерде кәсіптік бағдарберу жұмыстарын да күшейткен. «Серпін» бағдарламасыаясында 13 мыңнан астам оқушы, 2 мыңға жуық ата-анажәне 700-ден астам кәсіби бағдар беруші қамтылған.
Мамандардың айтуынша, бүгінде оқушының қабілетінанықтаудан бастап, мамандық таңдауға және кейінжұмысқа орналасуға дейінгі біртұтас бағыт-бағдар жүйесіқалыптасып келеді.
НазеркеИнақынқызы

