Қонаев қаласы қазақ орта мектеп-лицейінде«Ауыл» партиясы мен жастар ресурстық орталығыұйымдастырған «Hackathon 3.0» жобасы арманға қанат бітіріп, үмітке жол ашқан ерекше сәттің тоғысына айналды.«Инновациялар.Тұрақтылық.Болашақ» атты жаңашыл ойдың жалауын желбіреткен білім мен біліктің бәйгесі – уақыт тынысын дөп басқан, келешекке бағытталған кемел қадам.
Жастардың ІТ әлеміне қызығушылығын арттырып қана қоймай, олардың көкейіндегі тың идеяларды нақты өндірістік жобаға айналдыруды мақсат тұтқан байқауға 15 команда қатысты. Әрбір команда жасанды интеллект (AI) пен заманауи технологиялар мүмкіндігін паш етті. Қатысушылардың білімге деген құштарлығы мен креативті ойлау қабілеті нағыз бәсекенің көрігін қыздырды. Бұл додада тек нәтиже емес, тәжірибемен рухани өсім бірінші орынға шықты.Ұсынылған жобалар табиғат пен технологияның үндестігін тапқан, тұрақты дамудың алтын көпіріне айналар ізденістер болды.
Сарапшылардың шешімімен бас жүлдені GeoFix Al командасы жеңіп алып, Астана қаласында өтетін кезеңге жолдама алды. . Carbon Ledger жобасы үшінші орынды иеленіп, өз идеясының өміршеңдігін дәлелдеді.
«Наckathon 3.0» – жастардың тек білімін сынайтын алаң ғана емес, олардың болашаққа деген сенімін нығайтатын, шабытын шыңдайтын киелі орта болды.
.
Сымбат ИСАБЕК,
№3 орта мектептің 10 «ә» сынып оқушысы

