Қонаев қаласында Халықаралық нашақорлыққа қарсыкүрес күніне орай есірткіге қарсы айлықтың ашылусалтанаты өтті. Іс-шара Алматы облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимылбасқармасының ұйымдастыруымен өткізілді.
Аталмыш іс-шара Қазақстан Республикасында 2026–2028 жылдарға арналған «Нашақорлық пен есірткі бизнесінеқарсы күрес жөніндегі» кешенді жоспар, сондай-ақ «Заңмен тәртіп» және «Чемпиондық рух» тұжырымдамаларыаясында ұйымдастырылды. Бұл туралы Алматы облысыПолиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Есірткісіз болашақ – ел болашағы» атты акцияныңнегізгі мақсаты – жастар арасында есірткіге мүлдемтөзбеушілік көзқарасын қалыптастыру, салауатты өмірсалтын насихаттау және спорт арқылы жас буынныңөмірлік ұстанымын нығайту.
Іс-шараға колледж студенттері, жастар ұйымдарыныңөкілдері, спортшылар және полиция қызметкерлеріқатысты. Ашылу салтанатында жастарға арналғанспорттық жаттығулар мен көрсетілімдерұйымдастырылып, қатысушыларды белсенді өмір салтынұстануға шақырған үндеулер айтылды.
Акцияға белгілі спортшылар да арнайы қатысып, жастармен кездесті. Олардың қатарында грэпплингтенспорт шебері, Азия чемпионы Нариман Даулбаев, еңбексіңірген спорт шебері әрі әлем чемпионатының күмісжүлдегері Корлан Жанақанша және бодибилдингтен әлемчемпионы Алексей Слесаренко болды.
Спортшылар жастарға зиянды әдеттерден аулақ болып, уақытты тиімді пайдаланудың, спортпен тұрақтыайналысудың маңызын айтты. Сонымен қатар оларжастарды өзін-өзі дамытуға, тәртіп пен жауапкершіліккеүндеді.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, айлықтың бастыміндеттерінің бірі – кәмелетке толмағандардың есірткініңзаңсыз айналымына тартылуының алдын алу. Осы бағытта облыс көлемінде профилактикалық жұмыстар, кездесулер, түсіндіру шаралары және жастармен ашықформаттағы диалог алаңдары өткізілмек.
Қазіргі таңда есірткі мәселесі тек құқық қорғауоргандарының ғана емес, бүкіл қоғамныңалаңдаушылығын тудырып отыр. Әсіресе синтетикалықесірткінің интернет арқылы таралуы мен жасөспірімдердің жеңіл табысқа қызығуы қауіптікүшейтіп отырғаны жасырын емес. Сондықтан мұндайпрофилактикалық шаралардың маңызы жыл сайын артыпкеледі.
Полиция өкілдерінің пікірінше, жастар арасында дұрысөмірлік құндылықтарды қалыптастыру, спорт пен белсенді өмір салтын насихаттау – құқықбұзушылықтыңалдын алудың ең тиімді жолдарының бірі.
Алматы облысында басталған айлық аясындағы іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасады.
Аян Қонаров

