Заң мен тәртіп қағидаты басты назарда

Қонаевта өткен концертте қоғамдық қауіпсіздік толық қамтамасыз етілді

Қонаев қаласындағы ASP Arena кешенінде өткен әйгілі «Ленинград» тобының концерті жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздік толық қамтамасыз етілді. Іс-шара барысында құқық қорғау органдарының қызметкерлері күшейтілген режимде жұмыс істеп, тұрғындар мен қала қонақтарының қауіпсіздігін басты назарда ұстады.

Қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында Қонаев және Алатау қалаларынан 300-ден астам полиция қызметкері мен Ұлттық ұлан сарбаздары жұмылдырылды. Олар концерт өтетін аумақ пен оған іргелес аумақтарды бақылауда ұстап, құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша кешенді жұмыстар жүргізді.

Сонымен қатар, «Заң мен Тәртіп» қағидаты аясында ювеналды полиция қызметкерлері, қалалық білім бөлімі мен ішкі саясат бөлімінің өкілдері бірлесіп рейдтік іс-шаралар ұйымдастырды. Рейдтердің негізгі мақсаты – кәмелетке толмаған жасөспірімдердің түнгі уақытта заңды өкілдерінсіз жүруінің алдын алу, сондай-ақ олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету болды.

Жауапты мекемелердің үйлесімді жұмысының нәтижесінде концерт барысында қоғамдық тәртіп бұзылған жоқ. Құқық бұзушылықтар мен төтенше жағдайлар тіркелмей, іс-шара тыныш әрі қауіпсіз жағдайда өтті.

Мұндай ауқымды мәдени іс-шараларды өткізу кезінде қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету – құқық қорғау органдарының ғана емес, әрбір азаматтың ортақ міндеті. Тәртіпке бағыну, қоғамдық орындардағы мінез-құлық мәдениетін сақтау және заң талаптарын орындау – қауіпсіз қоғам қалыптастырудың басты шарттарының бірі.

Қонаев қаласында қоғамдық тәртіп пен тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасып, «Заң мен Тәртіп» қағидатын нығайтуға ерекше көңіл бөлінетін болады.

Шолпан Аралқызы

Ұқсас мақалалар | Статьи по теме

Жаңалықтар | Новости

instagram
@nurlyolke