Жастар қауіпсіздігі – басты назарда

Мемлекет басшысы айқындаған «Заң және тәртіп» қағидатыніске асыру аясында Алатау қаласында қоғамдық қауіпсіздіктіқамтамасыз ету және кәмелетке толмағандар арасындағықұқық бұзушылықтардың алдын алу бағытындағы жұмыстаржүйелі түрде жүргізілуде.

Осы мақсатта қала аумағында түнгі рейдтік іс-шара ұйымдастырылып, оған құқық қорғау органдарыныңқызметкерлері мен жауапты мемлекеттік мекемелердіңөкілдері қатысты. Рейд барысында компьютерлік клубтардыңқызметі тексеріліп, олардың қолданыстағы заңнаматалаптарын сақтау деңгейіне мониторинг жүргізілді.

Сонымен қатар түнгі уақытта заңды өкілдерінің қарауынсызкөшеде жүрген жасөспірімдер анықталып, олардың ата-аналарымен және заңды өкілдерімен профилактикалықтүсіндіру жұмыстары өткізілді. Кәмелетке толмағандардыңтүнгі уақытта бақылаусыз жүруі түрлі құқықбұзушылықтарға, сондай-ақ олардың өмірі мен денсаулығынақауіп төндіруі мүмкін. Сондықтан мұндай рейдтердің маңызыерекше.

Іс-шараның негізгі мақсаты – жасөспірімдер арасындағықұқық бұзушылықтардың алдын алу, олардың қауіпсіздігінқамтамасыз ету, ата-аналардың жауапкершілігін арттыру жәнеқоғамдық тәртіпті нығайту. Рейд нәтижесінде анықталғанжағдайлар бойынша тиісті профилактикалық шараларқабылданып, заң талаптары түсіндірілді.

Алатау қаласында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, жастарды құқықтық мәдениетке тәрбиелеу және құқықбұзушылықтардың алдын алу бағытындағы жұмыстар алдағыуақытта да тұрақты түрде жалғасатын болады. Өйткені заңғақұрмет пен тәртіпке бағыну – қауіпсіз қоғамның және ел болашағының берік негізі.

Ұқсас мақалалар | Статьи по теме

Жаңалықтар | Новости

instagram
@nurlyolke