«Таза Қазақстан» — тек ұран немесе науқан емес. Бұл — әрбіразаматтың өз қаласын, өз ауласын, өз ортасын таза ұстауға дегенжауапкершілігі. Алайда Қонаев қаласының кейбір аумақтарындабүгінгі күні де стихиялы қоқыс үйінділері жойылмай тұр. Бұлардың артында — заңды білмеу емес, заңды елемеу тұр.
«Заң мен Тәртіп» қағидаты бойынша да, «Таза Қазақстан» жалпыұлттық жобасының мақсаттары бойынша да қала аумағынластау — заңмен тікелей тыйым салынған іс-әрекет. Бұл ереженібұзу — тек айналаңыздағы адамдарға ғана емес, өзбалаларыңызға, болашаққа зиян.
Заңда не жазылған?
ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің (ӘҚБтК) 434-2-бабы бойынша қоғамдық пайдалану орындарын ластағаныүшін:
| Бұзушылық | Жаза |
| Бірінші рет белгіленбеген жерге қоқыс тастау | 10 АЕК = 43 250 теңге немесе 50 сағат қоғамдықжұмыс |
| Бір жыл ішінде қайталап бұзу | 20 АЕК = 86 500 теңге немесе 80 сағат қоғамдықжұмыс |
| Заңсыз қоқыс үйіндісін ұйымдастыру (заңдытұлғалар) | Бөлек айыппұл, сонымен қатар үйіндіні жоюміндеті |
| 505-бап, 2-бөлік: Жасыл желекті бүлдіру, абаттандыру ережелерін бұзу (соның ішіндерұқсатсыз орынға қоқыс төгу) | Жеке тұлға: 20 АЕК = 86 500 теңге; заңды тұлға: 100 АЕК-ке дейін = 432 500 теңге |
* 2026 жылы 1 АЕК = 4 325 теңге. ӘҚБтК, 434-2-бап; 505-бап, 2-бөлік; 804-бап, 50-тармақша.
2026 жылдың 2 наурызынан бастап әкімдік лауазымды тұлғаларыда — тек полиция ғана емес — қоқыс тастағандарға өз бетіншеайыппұл сала алады. Яғни бақылау күшейтілді. Камералар, рейдтер, тұрғындардың хабарламалары — бұзушыны табудыңжолдары жеткілікті.
Не істеу керек?
▪️ Тұрмыстық қалдықтарды тек белгіленген контейнерлергетастаңыз.
▪️ Жөндеу қалдықтарын (құрылыс, жиһаз) тек арнайыполигондарға немесе қалалық қоқыс шығару қызметі арқылыжойыңыз.
▪️ Заңсыз үйінді байқасаңыз — 109 бірыңғай байланысорталығына немесе бөліміміздің телефонына хабарлаңыз.
▪️ Балаларға үлгі болыңыз — тазалық мәдениеті отбасынанбасталады.
Таза қала — таза ниеттің жемісі. «Заң мен Тәртіп» және «Таза Қазақстан» қағидаттары бізге бір ғана нәрсені ескертеді: ортақкеңістікті қорғау — баршамыздың міндетіміз. Айыппұлданқорқып емес, ар-ұятпен.
Мадияр ЗӘКЕРОВ,
ТҰКШ және ТИ бөлімінің басшысы,
Қонаев қаласы әкімдігі
Маусым, 2026 жыл

