Оның басты мақсаты – заң үстемдігін қамтамасыз ету, кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау, әділ бәсекелестік ортаны қалыптастыру және мемлекет, бизнес пен қоғам арасындағы сенімді нығайту.
Заң талаптарын сақтау – бизнесті тұрақты жүргізудің негізгі шарты. Кәсіпкерлер салық міндеттемелерін уақытылы орындауға, еңбек заңнамасын, экологиялық, санитариялық және өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауға, сондай-ақ тұтынушылардың құқықтарын қорғауға міндетті. Заңға бағынатын бизнес экономиканың дамуына, жаңа жұмыс орындарының ашылуына және елдің инвестициялық тартымдылығының артуына ықпал етеді.
Мемлекет өз кезегінде әкімшілік кедергілерді азайту, мемлекеттік қызметтерді цифрландыру және кәсіпкерлердің заңды мүдделерін қорғау бағытында жүйелі жұмыстар жүргізуде. Сонымен қатар көлеңкелі экономикамен, сыбайлас жемқорлықпен және жосықсыз бәсекелестікпен күресуге ерекше көңіл бөлінуде.
Қазақстан Республикасының Президенті өз жолдаулары мен сөздерінде «Заң мен тәртіп» қағидаты мемлекет пен қоғам дамуының берік негізі болуы тиіс екенін бірнеше рет атап өтті. Заңдардың сақталуы ғана қолайлы бизнес-ахуалды қалыптастырып, инвестиция тартуға және тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Осылайша, кәсіпкерлік саласындағы «Заң мен тәртіп» қағидаты заң талаптарын орындау ғана емес, сонымен қатар бизнестің табысты дамуының, экономикалық тұрақтылықтың және азаматтардың әл-ауқатын арттырудың маңызды шарты болып табылады.

