Заң мен тәртіп – берекелі отбасы мен тұрақты қоғамның негізі


Қоғамның тұрақты дамуы мен азаматтардың қауіпсіз өмір сүруінің басты кепілі – заң мен тәртіптің сақталуы. Мемлекет басшысы айқындаған «Заң және Тәртіп» қағидаты әрбір азаматтың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға, құқық бұзушылықтардың алдын алуға және қоғамдық жауапкершілікті арттыруға бағытталған.
Отбасы – қоғамның ең маңызды институты. Сондықтан заңға құрмет пен тәртіпке бағыну ең алдымен отбасыдан басталуы тиіс. Баланың құқықтық санасы ата-ананың тәрбиесі арқылы қалыптасады. Үлкендердің заң талаптарын сақтауы, қоғамдық тәртіпке жауапкершілікпен қарауы жас ұрпаққа үлгі болады.
Бүгінде Отбасын қолдау орталығы тұрғындар арасында құқықтық сауаттылықты арттыру, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, отбасы құндылықтарын нығайту және азаматтардың құқықтарын қорғау бағытында жүйелі жұмыстар жүргізуде. Орталық мамандары түрлі кездесулер, семинарлар мен ақпараттық-түсіндіру шараларын ұйымдастырып, халыққа заң талаптарын түсіндіруге ерекше көңіл бөлуде.
Әсіресе отбасылық жанжалдардың алдын алу, балалардың құқықтарын қорғау және әлеуметтік осал топтарға құқықтық көмек көрсету мәселелері тұрақты бақылауда. Себебі құқық бұзушылықтың алдын алу – оның салдарымен күрескеннен әлдеқайда тиімді.
Заң мен тәртіп қағидатын сақтау – тек мемлекеттік органдардың міндеті емес, әрбір азаматтың ортақ жауапкершілігі. Құқықтық мәдениеті жоғары қоғамда өзара сыйластық, әділдік пен тұрақтылық орнығады. Ал берекелі отбасы мен қауіпсіз қоғамның негізінде заңға құрмет пен тәртіпке адалдық жатыр.
Сондықтан әрбір азамат заң талаптарын сақтап, қоғамдағы тәртіпті нығайтуға өз үлесін қосуы қажет. Бұл – еліміздің болашағы мен ұрпақтың қауіпсіз өміріне жасалған маңызды қадам.

Ұқсас мақалалар | Статьи по теме

Жаңалықтар | Новости

instagram
@nurlyolke