Мен оқыған он кітап

Кітап – адам баласының рухани азығы, ақыл-ойының шамшырағы. Әрбір оқылған шығарма адамды жаңа ойға жетелеп, дүниетанымын кеңейтеді. Менің оқыған кітаптарымның әрқайсысы өмірдің түрлі қырын танытып, ұлттық құндылықтарды, адамгершілік қасиеттерді, білім мен мәдениеттің маңызын терең түсінуге мүмкіндік берді. Ол кітаптар:

  1. Сәуле Досжан “Қасірет пен тағдыр” романы
  2. Қабдеш Жұмаділовтің «Тағдыр» романы
  3. ⁠Мағжан Жұмабаевтың «Педагогика» еңбегі
  4. ⁠Санжар Керімбайдың «Өзбекәлі және мәдени майдан» кітабы
  5. ⁠Дулат Исабековтің «Гауһартасы»
  6. ⁠Шерхан Мұртазаның «Ай мен Айша» романы
  7. ⁠Ақберен Елгезек “Болмаған балалық шақ” повесі
  8. ⁠Сәбит Мырзабайдың «Балалықтан даңалыққа» кітабы
  9. ⁠Григорий Петровтың «Финляндия – ақ лалагүлдер мекені» еңбегі
  10. ⁠Гүзел Яхина “Зулейханың оянуы” кітабы
    Осы он кітап мен үшін өмір мектебіне айналды. Олардан тарихты, тәрбиені, мәдениетті, махаббатты, адамгершілікті және елге қызмет етудің мәнін үйрендім. Кітап оқу – тек уақыт өткізу емес, ол адамның рухани кемелденуіне бастайтын жол. Сондықтан кітаппен дос болған жанның ой-өрісі кеңейіп, өмірге деген көзқарасы байи түседі.

Ұқсас мақалалар | Статьи по теме

Жаңалықтар | Новости

instagram
@nurlyolke